Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы
Қазақ тілі 2 - сынып
Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: 1. Сөз таптары, соның ішінде зат есімдер туралы ұғым беру, зат есімнің сұрақтарын меңгерту, сөйлемдерден сұрақ қою арқылы зат есімдерді табуға үйрету.
2. Білімдерін, сауаттылықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. ұқыптылыққа, әдептілікке, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, қызығушылықты ояту, топтастыру, талдау, жинақтау, топтық жұмыс, семантикалақ карта, өзіндік бағалау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жіп, мысалдар жазылған карточкалар, өзін - өзі бағалау кестесі, түрлі - түсті жұлдызшалар, жетондар.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!
ІІ. Үй жұмысын тексеру: «Өрмекші торы» ойыны.
Мақсаты: бір оқушыға сұрақ қойылады, сол оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды, жіпті бір - біріне жалғастыру арқылы тор құрастырады.
Сұраққа жауап берген оқушы 1 жетон алады.
ІІІ. Жаңа сабақ: Жұлдызшаны таңдау арқылы топқа бөліну, сол түстер бойынша отырғызу.
Қызығушылықты ояту. «Тез есепте!» ойыны
Мақсаты: Оқушыларға мысал жазылған карточкалар беріледі, дұрыс жауабын тапса, әріптер шығады, сол әріптер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
8 - 5, 6 - 1, 9 - 1, 80 - 2, 60 - 5, 12 - 5, 20 - 5
З ----- А ----- Т ------ Е ------- С ------ І ------ М
2. Мағынаны тану: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісінде тапсырмалар орындау.
1 - тапсырма. Сиырдың тапсырмасы:
бірнеше сөздер тобын беру, оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырманы орындату.
Жаңбыр, шегіртке, шыбын, тасқын, сатушы, шелек, мұғалім, қоңыз, кесе, бұршақ, жүргізуші, боран, ара, есепші, найзағай, тәрелке.
1 - топ. Табиғат құбылыстары атауларын теріп жаз.
2 - топ. Мамандық атауларын жазады.
3 - топ. Жәндік атауларын жазады.
4 - топ. Ыдыс - аяқ атауларын жазады.
Сұраққа жауап берген оқушы 1 жетон алады.
2 - тапсырма. Ағаштың тапсырмасы:
• Ережені өздеріне қорытындылап шығарту.
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге
Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қойылады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
3 - тапсырма. Қыздардың тапсырмасы:
1 - жаттығу. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
2 - жаттығу. Суреттегі заттардың атауын жаз. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.
Ү. Сергіту сәті.
4 - тапсырма. Дүкеншінің тапсырмасы:
3 - жаттығу. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жаз.
5 - тапсырма. Тауықтың тапсырмасы.
4 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз, зат есімдерді тауып сұрақ қой.
ҮІ. Сабақты бекіту:
6 - тапсырма. Тышқанның тапсырмасы: семантикалық картаны толтыру.
Толық нұсқасын жүктеу
Зат есім
- mtm
- 22 ақпан 2016
- 4889
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Зат есім, ашық сабақ қазақ тілі, сөз таптары, бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есім, 3 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары, соның ішінде зат есімдер туралы ұғым беру, зат есімнің сұрақтарын меңгерту, сөйлемдерден сұрақ қою арқылы зат...Зат есім
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады....Зат есім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгул Хабесқызы...Зат есім
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.