Сайтқа кіру Тіркелу

Эрудит-2015 (интеллектуалдық ойын) "Дүниетану" 2 сынып

Эрудит – 2015 (интеллектуалдық ойын)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және болашақ жас мамандар! Бүгінгі «Эрудит – 2015» атты интеллектуалды танымды ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің сабағымыздың ерекшелігі, осыған дейін біз бастауыш сынып оқушылары ретінде сабаққа белсене қатыссақ, бүгінгі сабақта «Болашақ жас маман» ретінде қатыспақпыз. Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойына жететін білім алу дәрежесінен, өмір бойы білім алып өту мәртебесіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деген оймен, ойынымызды бастайық.
Ойынымыздың шарттарыменен таныстырып өтейін.(слайдтан көрсетілу тиіс)
І. «Білімділер пирамидасы»
ІІ. «Кім тапқыр»
ІІІ. «Жүзден жүйрік»
ІV. Қорытынды
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)

Ойынды бастамас бұрын, әрбір ойыншы өзі жайлы таныстырып өтеді.
Қосалқы сұрақтар:
Өмірлік ұстанымыңыз қалай? Алға қойған мақсатыңыз қандай? Жеңіске жетудің жолдары? Өмірлік ұраныңыз қандай? Таңдаған мамандығыңыз ұнай ма? Адамдық борыш дегенді қалай түсінесіз? Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық! Біздің алғашқы асуымыз «Білімділер пирамидасы» атты бөлімімізді бастаймыз.
Шартымен таныстырып өтер болсам, бұнда 7 жұлдызша беріледі. Әр жұлдызшада 6 сұрақтан. Сұраққа дұрыс жауап берсеңіз 10 ұпайды қанжығаңызға байлай аласыз. Егер де сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, жүргізушінің ҚАРСЫЛАСТАР деген сөзінен кейін жауап бере алады. Өкінішке орай осы сайыстан ұпайы төмен 3 ойыншы шығады.

1 - жұлдызша
1. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (көкжиек)
2. Ауаның негізгі қасиеті: (көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз)
3. Барлық тірі табиғатқа тән қасиет. (көбею)
4. Шахтада жұмыс істейтін адамды қалай атаймыз? (шахтер)
5. Каучук неден алынады? (мұнайдан)
6. Шетелдіктер қандай уылдырықтарды алтынға бағалап, сатып алған? (қара, қызыл уылдырықтарды)

2 - жұлдызша
1. Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізілуі қалай аталады? (көкжиек сызығы)
2. Судың негізгі қасиеті: (су түссіз, мөлдір, иіссіз)
3. Жаз айларында өсімдік тез өсіп жетіледі. Себебі: (жарық мол түседі)
4. Балықтар несі арқылы демалады? (желбезектері арқылы)
5. «Астана» атауы қай жылы берілді? (1998 жылы 6 мамырда)
6. Мұнайдан не алынады? (бензин, жанармай)

3 - жұлдызша
1. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал (тұсбағар)
2. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)
3. Бір жылдық өсімдіктерді ата: (күнбағыс, бұрыш, бидай)
4. Жемін түнде ғана аулайтын жануар (жапалақ)
5. Құмырсқаның орманға тигізер пайдасы (олар ағаш зиянкестерінен қорғайды.)
6. Ғылым мен мәдениет орталығы аталған қала (Алматы)

4 - жұлдызша
1. Кез - келген заттың бейнеленген көрінісі (сурет)
2. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі (тамыр)
3. Өмірі жарық көрмейтін, үнемі топырақ арасында жүретін жануар (соқыртышқан)
4. Жануарлар мүлдем құрып кетпей, тіршілігін жалғастыра береді. Себебі: (олар ұрпақ береді, көбейеді)
5. Денесі өте сымбатты, аяқтары жіңішке, мықты. Өте жүйрік, секіріп жүретін жануар. (Қарақұйрық)
6. Мұнаймен бірге жердің терең қойнауында не кездеседі? (табиғи газ)

5 - жұлдызша
1. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі (сұлба)
2. Өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі (сабақ)
3. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануар (кірпі)
4. Ағашқа басқа құстардай еш уақытта көлденең отырмайды. Ағаш ұзындығына қарай жабысып қонады. Оны ағаш түсінен айыру қиын, бұл қандай құс? (шегірткеші)
5. Каучук алуға өте көп мөлшерде пайдаланылған өсімдік (таусағыз)
6. Бұрын «Тіршіліксіз, тақыр шөл» деп қай қаланы атаған? (Маңғыстау)

6 - жұлдызша
1. Тұқым неше топқа бөлінеді? (2 топқа: құрғақ және шырынды)
2. Көп жылдық өсімдіктерді ата? (Бақбақ, Итмұрын, Үйеңкі)
3. Қысқы ұйқыға жататын жануарлар /аюдан басқа/? (Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ)
4. Жауларды жағымсыз иісімен қорқытқан жануар (скунс)
5. Қазақстанның оңтүстігінде ғана өсетін, әр түрлі дәрі жасауға қолданылатын өсімдік (дермене)
6. Көмірді алғаш тапқан кім? (Апақ Байжанов)

7 - жұлдызша
1. Өлі табиғатқа нелер жатады?(су, ауа, топырақ)
2. Өсімдіктің топырақ арасындағы сабағының жуандаған жері (түйнек)
3. Жолбарыс жануардың қай түріне жатады? (Жыртқыш жануарлар түріне жатады)
4. Шөлді Үстіртте кірпінің қандай түрі тіршілік етеді?(ұзын инелі кірпі)
5. Іле Алатауының биік шыңдарында ғана қалың өсетін ағаш (шырша)
6. Қазақстанның батысында қандай теңіз орналасқан? (Каспий теңізі)

Әділқазы алқасына сөз кезегін береміз! (3 қызды шығарамыз) Қыздар сайыстан жеңілсеңіз де, өмірден жеңілмеңіз!

ІІ. «Кім тапқыр» бөлімі.
Бұл бөлімде «Жұмбақтар», «Қызықты сұрақтар» «Жағдаяттар», және «Болашақ жас мамандар» деген ұяшықтар берілген. Әр ұяшықта 20, 30, 40 ұпайлары бар. Ұяшықтардың ішінде видеосұрақ пен " тосын сый" бар. Кім тапқырлар бөлімінен де 2 ойыншы ойынды осы жерден тоқтатады.

«Жұмбақтар»
20. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
30. Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)
40. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)

«Қызықты сұрақтар»
20. Көктемнің келгенін қай құс арқылы білеміз? (Ұзақ)
30. Қандай жәндік аяғымен естиді? (Шегіртке)
40. Ең көп әлемде найзағай жарқылдайтын жер? (Ява аралының Богор деген жерде 322 күн найзағай жарқылдап тұрады.)

«Жағдаяттар»
20. «Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.»
• Сіздің іс - әрекетіңіз қандай болар еді?

30. «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»
• Сіздің іс - әрекетіңіз қандай болмақ?

40. Айгүл үйіне келіп ата - аналар жиналысы болатындығын ескертеді. Анасы оған жиналыста мұғалім тек оқу озаттарын мақтап Айгүлді «нашар» дей бергендіктен бара алмайтындығын айтты. Айгүл ата - анасы жиналысқа келмесе мұғалімі ұрсатындығына көңілі түсті. Анасы онда «сабақ бармай - ақ қой» дейді. Содан бала сабақтан 2 - 3 күн қалды.
• Сіздің іс - әрекетіңіз қандай болмақ?

«Болашақ жас мамандар»
20. Ойлауды жаттықтырудың керемет гимнастикасы - бұл (логикалық есептер)
30. "Тосын сый"
40. "Сыни тұрғысынан ойлау" технологиясының мақсаты:
(өз бетінше білім алып, көп пікірлердің ішінен өзіме маңыздысын ала білетін және одан өзіме керектісін алатын, еркін сөйлейтін, батыл өз пікірін қорғап, дәлелдеп шығатын тұлға тәрбиелеу)

Әділқазы алқасына сөз кезегін береміз! (2 қызды шығарамыз)

ІІІ. «Жүзден жүйрік»
Бұл бөлімде нағыз жеңімпаздар сайысы болмақ. Яғни, "Эрудит - 2015" атағының иесі осы бөлімде анықталмақ. Шарты бойынша, 1 минут ішінде бірнеше сұрақтарға жауап бересіздер, сұрақтар әр пәндермен тікелей байланысты. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Олай болса іске сәт! Ұпайы жоғары ойыншыдан бастаймыз.
І баған
1. Валютаның сатылу, айырбастау бағасы? (курс)
2. Цифр сөзінің мағынасы. (цифр, арабша бос орын)
3. Зат есімнің сұрағы ( кім? не?)
4. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты не дейді? Топырақ
5. Мәтіннің түрін анықта: Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын. (әңгімелеу )
6. Қай жемістің жапырағы түсісімен қыс келеді? (Шие)
7. Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар? (Ауа, су, тамақ, жылу, жарық)
8. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?(Көкжиек)
9. Темірқазық жұлдызы қай бағытты көрсетеді? (Солтүстік)
10. Өсімдікті топыраққа бекітетін мүшесі: (Тамыры)
11. Қазақстан елі қай материкте орналасқан?(Еуразия)
12. Табиғатта су неше күйде болады?(Сұйық, қатты, газ)
13. Өсімдік жапырақтарының жасыл болуы неге байланысты?( Күн сәулесіне)
14. Қазақстандағы тұзды теңіз (Каспий )
15. «Алтын адам» табылған жер ( Алматы облысынан)
16. Бидайдың неше түрі бар? (2 түрі)
17. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай? (жылу)
18. Қостанай қаласында қанша аудан бар? (16 аудан)
19. Адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының жүріс тұрысының ережесі (Әдептілік)
20. Шөппен қоректенетін жануарларды қалай атаймыз? (шөпқоректі)
ІІ баған
1. Ақша бағасының құнсыздануы? (Инфляция)
2. Ғарышкерлер күні қашан атап өтіледі? (12 сәуір)
3. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ( жалғау )
4. Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі? (Құнарлы)
5. Еліміздегі мұнай мен газға бай жерлер қайда орналасқан?
(Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау)
6. Президенттің сайланған уақыты (1991 жыл 1 желтоқсан)
7. Бір жылда неше күн бар? ( 365 күн 6 сағат)
8. Өсімдіктердің « Қызыл кітабына» қандай өсімдіктер енгізіледі ( Жойылып бара жатқан өсімдіктер)
9. Бүкіл ағайындардың бірлесіп үй салуы (асар жасау)
10. Фигура - сөзінің мағынасы ( фигура, латынша бейне кескін)
11. Дені сау адамның тамырының 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
12. Топыраққа қажетті органикалық тыңайтқыш (қарашірік)
13. Ауаны көрмейтін себебіміз(мөлдір, түссіз)
14. Мұхтар Әуезов кім?(ұлы жазушы)
15. Бекіре балығының ұзындығы қанша метр? (3 метр)
16. Тұқымнан тазартылған мақтаны қалай атайды? (шитті мақта)
17. Бақа жануардың қай түріне жатады?
18. "Қайырымдылық" сөзінің синонимдері(мейірімді, тату, көмектесуші)
19. Н. Ә. Назарбаевтың туған жылы? (1940 жылы 6 шілде де)
20. Адам өсімдік және жануарлар пайдаланбайтын су түрі (ащы сулар).

Әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. Соңғы бөлімді қорытындылайды.
Жеңімпазды анықтап, марапаттау рәсімі болады. Қатысушыларға мақтау қағазы тапсырылады!
Жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Қосымша сұрақтар:
1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдікті ата (жантақ)
2. Қосмекендіні тап (бақа)
3. Тіл туралы заң қабылданды (1998 жылы 28 қаңтар)
4. Астана қаласының маңындағы өзен (Есіл)
5. Суыққа төзімді өсімдікті ата (бидай)
6. Екі жылдық өсімдікті ата (пияз, орамжапырақ)
7. Түйелер қоректенгенде майды қандай дене мүшесіне жинайды? (майды өркешіне жинайды)
8. Түлкі кірпіні қалай уысына түсіріп, қоректенеді? (түлкі кірпіні домалатып әкеп суға тастап жібереді. Ол бауырын жазған кезде бас салып жеп алады)
9. Балаларын сүтпен қоректендіретін жануарлар? (сүтқоректілер)
10. Өсімдікке қоректі заттарды топыраққа қосымша орналастыру.(тыңайту)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың...

"Ең ақылды оқушы" атты тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушылардың жан - жақтама білімін тексеру, пысықтау; 2. Ой - өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге...
Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы...
Өсімдік

Өсімдік

Қызылорда қаласы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжіндегі РОӘБ әдіскері Даулетбаева Гүлзира Сандық білім беру ресурсы арқылы бастауыш...
Тест тапсырмалары. дүниетану 2 сынып

Тест тапсырмалары. дүниетану 2 сынып

Жезқазған қаласы, №10 орта мектеп, Әбіш Жансая Нөпірбайқызы Тест. Дүниетану. 2 сынып...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×