Сайтқа кіру Тіркелу

Сәбит Дөнентаев «Бозторғай» өлең

№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сейтенова Ақкүн Жамбылқызы

Сабақтың тақырыбы: С. Дөнентаев «Бозторғай» өлең
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Дөнентаев туралы мағлұмат беру. Өлең мазмұнын, тақырыбын, идеясын ұғындыру.
Дамытушылық: Өлеңдерін мәнерлеп оқуға, талдауға үйрету. Шығармашылық жұмысқа баулу. Ой пікірлерін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер. Шығармалар жинағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, талдау, топтастыру стратегиясы
Пәнаралық байланыс: география, биология

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ойды ортаға салу.
2 - топ. «Қазақ тілі» өлеңіндегі ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3 - топ. «Мен кім?» өлеңінің лирикалық қаһарманы кім? Қай ақынның өлеңімен үндес келеді? Дәлелдеу.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сәбит Дөнентаев — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі...

2. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
«Бoзторғай» - өткен ғасырдағы таптық көзқарасты бейнелейтін өлең. Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілерінің кейпін көрсеткен. Бозторғай қанша шырылдап мұңын айтып әлді құстарға жүгінсе де, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, зәбір көрсетеді. Сөйтіп «Бозторғай « заман байқағанға күштінікі» екенін мойындайды. Бұл өлең патша үкіметінің кезіндегі ел билеушілерін сынаған өлең болды.
Жоспар құру:
1. Тұрымтайдaн қoрлық көргeн тoрғай.
2. Бөдeненің қырғиғa жeм бoлуы.
3. Торғaйдың қaршығадан әдiлдік iздеуі.
4. Қаршығaдан қиянaт көргeн шүрeгейлер.
5. Қaздың eтін жeген лaшын.
6. Бұл зaман бaйқағанға әлдiнікі.

Слайдтан көрсетіледі.
Бозторғай шөл, шөлейт және қиыршық тасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Оның қанатының ұзындығы 8, 5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Бозторғайлар – жыл құсы. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Қазақ тілінде мамыра жай жақсы заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп атайды.

3. Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Кейіпкер бейнесіне талдау.

Кім кімнен жапа шекті, сәйкестігін тап.
Әлсіз құстар Жыртқыш құстар
бозторғай А) бүркіт
бөдене Ә) қырғи
үйрек, шүрегей Б) тұрымтай
қаз В) лашын
Г) қаршыға
4. Сөздікпен жұмыс.
«Бозторғай» өлеңіндегі сөздерге түсінік беру.
Шыбындай жан - жан ұшырды, безек қақты
жемсау - құстың жеген жемі жиналатын, сіңірілетін өңештің ұлғайған жері, бөтеке
бейбақ - Ауысп. мағ. құлқын
Жаның шықпас, күнің өтпес - өлмессің, уақытың кетпес
пақыр - халі мүшкіл байғұс, сорлы
опа бермес - мейір, шапағаты тимеді
құдірет – Жаратушы

5. Өлең құрылысына талдау.
«Бозторғай» өлеңі 3 бунақты, 11 - 12 буынды, а, а, б, а қара өлең ұйқасы,
Көркемдігіне талдау: метафора: құс патшасы - бүркіт, хан - лашын, төре - тұрымтай,
аға - бөдене,
теңеу: оқтай зырлау, шыбындай жаны,
эпитет: шаққанын, ішкі мұңын, шақпағанын, жатқанын жаны тыныш, жатпағанын.

ІV. Сабақты бекіту.
«Топтастыру» стратегиясы.
С. Дөнентаев

Ақын
ұстаз
Сатирик
аудармашы
жазушы
Қайраткер
суреткер
мысалшы

1. Өлеңнің идеясы не?
2. Өлең қандай тәсілмен жазылған?
3. Аллегория деген не?

V. Сабақты қорытындылау.
Cәбит — қазaқ ақыны, мaзмұнды, қысқa өлeңнің шeбері, сыншыл aқын, мысaлшы, Абaй мeн Сұлтанмахмұттан кейінгі сaтирик aқын. Ол өмiр шындығын боямaсыз қaлпында, реaлистік сaрында сурeттейді.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. «Бозторғай» өлеңін мәнерлеп оқу. Ақын өмірі мен шығармашылығына реферат жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі

А. Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі

Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын...
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...

Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...
Мен таулықпын

Мен таулықпын

Сабақтың мақсаты: 1. Ақынның өмірі, өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу,...
Тарланым

Тарланым

Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...
Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі

Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі

Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×