Талғар қаласы,
И. Ф. Халипов атындағы №1
жалпы білім беретін мектеп
Аубакирова Меңтай Есенғалиевна
Қош, сүйікті Әліппем!
Әліппемен қоштасу салтанатының сценарийі.
Қатысушылар: Мұғалім, Мағжан, Ақниет (озат оқушы), Жалтай (жалқау оқушы рөлін Дәулет), Әліппе - Бибарыс, Ана тілі - Тамерлан, әріптер 1 А сынып оқушылар.
Мұғалім ортаға шығып оқушыларды Әліппемен қоштасу тойымен құттықтайды.
Мұғалім: (күлімдеп, қуанышпен):
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін - үлкен салтанат!
Оқулықпен достассақ,
Әліппеміз қоштаспақ!
Ой - білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған,
Өсті білім, бойларың!
Құтты болсын тойларың!
Құтты болсын тойларың!
(Ду қол шапалақтау)
Сақнаға тез басып Мағжан, Ақниет шығады. Ол мұғалімге оқушылар атынан рахмет айтады.
Мағжан (Шаттықпен):
Оқытты ұстаз анамыз,
Өсті білім санамыз!
Білгіш ер боп өсетін
Біз бақытты баламыз!
Бойымызда бұлан күш:
Ойымыз кең ұланбыз!
Оқу - білім үйреткен
Ұстаздарға мың алғыс!
(Мұғалімдерге бас иеді)
Мұғалім риза болып Мағжан, Ақниетті құшақтайды. Құттықтай маршы ойналады.
Сахнаға Әліппе мен Ана тілі шығады. Жұрт ду қол шапалақтап, оларды қарсы алады.
Мұғалім (Қошаметпен):
Жақсы достар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Төрімізде орын бар.
Құтты мейман болыңдар!
Әліппе (көпке қарап): Бибарыс
Ау, балалар, балалар,
Ұрпақтарға келесі.
Сыйлығы көп бересі...
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен.
Ана тілін таныңдар,
Оқып, Ана тілінен
Ақыл, білім алыңдар
Ақниет
Сәлем, Ана тіліміз,
Сенсің асыл үніміз.
Ана тілін сүйеміз,
Ардақтап бас иеміз!
Ана тілі: Тамерлан
Аманбысың, шырағым,
Ақылыңмен ұнадың.
Жақсы көрсең өзімді,
Жатта жақсы сөзімді.
Ақниет:
Әр сөзіңді жаттаймын
Жүрегіме сақтаймын
Кел балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Ана тілі: Тамерлан
Рақмет жарқыным!
Табысты болсын әр күнің!
Мұғалім:
Оу Жалтай, қайда?
(Аптыға жүгіріп Жалтай келеді)
Жалтай:
Сәлем, бәріңізге,
Үлкен - кіші кәріңізге
Каусар:
Кешіктің сен Әліппенің тойына,
Беріліпсің бос жүруге, ойынға,
Әліппені оқып бітпей, салақсып,
Әлі жүрсің, не бар сенің ойында
Мұғалім:
Әліппені оқып біттің бе?
Әліппенің тойын сенде күттің бе?
Жалтай:
Соңғы беттерге жетпей...
Нетіп... Неғып?
Бар шығар қабілетіміз,
Тоқтаңыз, сабыр етіңіз
Батыра айттыңыз сөзіңізді
Мұғалім:
Әліппені оқып бітпесең,
Бұдан достық күтпе сен
Ана тілі: Тамерлан
Міне, әліппені қинайды,
Қайтіп бізді сыйлайды
Сырымды жасырмаймын:
Мен бұған
Бетімді аштырмаймын
Мағжан:
Әрбір істің кезеңі бар, досым - ай
Үлгермесең өкінесің осылай
Әліппе: Бибарыс
Уақыт тез: бөгелмейді, зырлайды,
Жалқаулардың жайын күтіп тұрмайды.
Ана тілі (ашуланып): Тамерлан
Жалынса да мың есе,
Жазу, оқу білмесе,
Жалқаумен таныспаймын:
Жақындамай, алыстамаймын
Жалтай (жыламсырап):
Енді... енді ерінбеймін,
Жалкаулыққа берілмеймін!
Мұғалім:
Көркем оқу үйренбедің кеш қалдың,
Бұдан былай балалардай«бес» алғын!
Жалтай (қуанып):
Мақұл... оқиын,
Ойыма бәрін тоқиын!
Ақниет(құптап):
Жалтайға сенеміз,
Көмек береміз.
Ана тілі(сынап):
----- Жазсын Жалтай адам атын, тау атын
----- Сөйлем оқып көрсетсін өз сауатын.
(Басқалар құптайды)
Жалтай тақтаға «Жалтай»деген сөзді (жалай),»Алтай»деген сөзді «атай» деп кіші әріппен жазады.
Мұғалім:
------------- Оқы. Жалтай не жаздың?
Жалтай:
Мынау - адам аты Жалтай.
Мынау - таудың аты Алтай.
(Бәрі де күледі. Жалтай да күледі)
Мұғалім:
Қатең бар, байқа,
Оқышы қайта...
Жалтай(күлімдеп):
Жалтай,
Алтай! хи - хи
Мұғалім:
Мағжан, Жалтайдың қатесін түзе...
(Қатесін түзейді)
Жалтай (желкесін қасып):
Мағжан;
Сауатымды әріппен
Ашқан алғаш әліппем.
Дыбыс, буын, сөз, сөйлем,
Бәрін білдім танып мен!
Каусар:
Оның, дұрыс, оқушым,-
Оқуды нашар оқисың!
Мына жұртқа жайыңды,
Шын айт, болсаң пайымды.
Жалтай: Даулет
Рас, буын, оқысам,
Әрқашан оқығанда мүдіремін,
Бірақ маған сеніңіздер,
Бірге тойлауға,
Оқуға, ойлауға,
Рұқсат беріңіздер!
Мұғалім:
Ау, балалар, дәл осындай,
Жалқау да арамызда,
Жалтайдың сөзіне сенебіз ба?
Барлық оқушы хормен: Жалтайдың сертіне нанамыз,
Қатарға аламыз!
Мұғалім: Жалтайға бұл қатты сын
Серт берді тойға қатыссын!
Музыка косылады:
«А» әрпі: Нұрсұлтан
Мен білмеймін басқаны:
«А»- дан оқу басталды!
Ата, ана, ақыл, ар,
«А»- мен Айы, аспаны.
«Ә» әрпі: Аружан
Әкең, әжең, әлемінің...
«Ә»- мен әсем, әдемің,
«Ә»- сіз аты аталмас
Әділеттің, Әменің.
«Б» әрпі: Темірлан
Бала, бақыт, бал, бақша,
Бақташы, бас, балдақ та.
«Б»- сіз атау болмайды:
Барлаушы да, бармақ та!
«Б»сендермен қалмақ па?
«В» әрпі: Амир
Володя кім білесің:
Владимир ұлы есім!
«В» да сөзге қосады,
Өзінің мол үлесін!
«Г» әрпі: Адина
«Гүл» десең, гүлдеп жатырмын!
«Гагарин» десең батырмын!
«Гу» деп «Г»- мен бөбек те
Гуілдейді ақырын
«Ғ» әрпі: Қарақат
Ғылым, ғалым, ғасырды
«Ғ» білімге асырды:
Ғазиз ғалым адамға
Ғарышың да бас ұрды!
Ғаламат деңдер атымды!
«Д» әрпі: Рахматулла
Дастарқанды, даланы,
Даңқы шыққан дананы
«Д»- мен айтып, білген жұрт,
Дауылпаз, даланы.
«Е» әрпі: Амина
Еркелетіп ер, ерен,
Еңбегімді елеген:
Ерлік етсең, еліңді
Елжірете «Е» деген!
«Ж» әрпі: Дулат
Жан, жақсылық, жаңалық,
Жатыр «Ж»- дан таралып!
Жария «Ж» мен жаңалық!
«З» әрпі: Райымбек
Зау - зау заңғар, заңғарлар
Заманда бар, заңдар бар:
«З» да барлық заңдылық
«Заң» да «З»- мен «Заң» болар!
«И» әріп: Абылай
«И»- мен ине, имегің!
«К» әрпі: Аян
«К»- сіз киім кимедің
«Қ» әрпі:
Қырманды мен үйгенмін.
«Т» әрпі: Мағжан
«Ти - ти» деді, тимедім.
«Я» әрпі: С. Аружан
Даулықпаңдар әріптер!
Бәріңді жұрт дәріптер:
Мен - «Я»- мын, соңғы әріп,
Менен әрі барып көр
Абылай:
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды,
Адам барлық әріпті
Бағалайды қолдайды!
Балалар хормен:
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен!
Ана тілі: Тамерлан
Балдырған балғын балалар!
Ақ басты ғылым даналар
Оқушының жас та, кәрі де
Риза саған бәрі де!
Басталған ғылым әріптен,
Бас кітап сенсің, Әліппем!
Ақниет пен Мағжан:
Біз қараймыз сүйіне
Әріптердің биіне,
Достар, билеп тамаша
Сөз құраңдар балаша!
Хор: Әліппе әні
Бибарыс
Әліппе:
Ау балалар, Балалар
Ау, болашақ, даналар
Кәрі - жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана
Ана тілін сүйіңдер,
Осыған бас иіңдер!
Хор: ” Жау жаңбыр”
Аян:
Үйрететін сана, білім
Ардақтаймыз Ана тілін!
Ақыл ой да, білім де,
Туған Ана тілінде.
Ана тілсіз ұғылмас
Ауа, жер, су, күнің де!
Үйрететін сана, білім
Ардақтаймыз Ана тілін!
----- Біз балалар ертегілер еліне саяхат жасайықшы «Кім күшті?»
Рөлде ойнайтындар; Автор - Каусар, мұз - Рамазан, күн - С. Аружан, бұлт - Дулат, жусан – Нурсұлтан, қошақан – Темірлан, қасқыр – Абылай, мерген – Рахматулла, тышқан – Аружан, құмырсқа — Қарақат.
Ана тілі: Тамерлан
Рахмет, достарым,
Бүгін ниет қосқан күн,
Аямаймын сырымды:
Баяндаймын ғылымды,
Талаптыға бәрі бар...
Менен оқып алыңдар!
Әліппеге рахмет!
Ал, қоштасып қалыңдар
Әліппе: Бибарыс
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар!
Озат достар оқыды,
Ойға білім тоқыды,
Олар біздің жалындар,
Жас өрендер, «ғалымдар»...
Барлығы (қол бұлғап):
Қош бол, сүйікті Әліппеміз!
Математика келеді: Рамазан
-- Уа балғын балалар!
-- Ау, болашақ даналар!
Құтты болсын тойларың!
-- Математика – ғылымдардың атасы деген.
- Қане, менде сынап көрейін білімдеріңді?
--- Қосудың компонентерін атаңдаршы?
--- қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні / оқушы жауабы/
--- Жарайсыңдар!
--- Азайтудың компоненттерін кім айтады?
--- азайғыш, азайтқыш, айырманын мәні / оқушы жауабы/
---- Жарайсыңдар өрендерім!
----- Қуанып тұрмын!
--- Санамақ кім біледі?
--- Адина санамақты мәнеріне келтіріп айтады.
--- Арыстандай айбатты
-- Жолбарыстай қайратты
-- Қырандай күшті қанаты,
-- МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН! Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай менде сенемін!
-------- Ау, балалар біз ағылшын тілінде үйреніп қалдық,
-------- Қане Шалқан ертегісін ағылшын тілінде көрсетейікші.
------- Бибарыс ата, Тамерлан – апа, Адина – қыз, Мағжан - ит, Амир – мысық, Ақниет – тышқан, Қарақат – шалқан.
ІІ Бөлім
1. Ән ”Ұстазым”. Дүнгенбай Ақниет
2. Ән “Алатау аясында “. Аманжол Аружан
3. “Теңізшілер” биі /Айым, Ақниет, Аружан, Кәусар, Аружан, Бибарыс, Рамазан, Мағжан, Темірлан Рахматулла, Райымбек, Дулат/
4. “Отан”. Рамазан Біржанұлы
5. Қазақ биі “ Қамажай”
ІІІ – БӨЛІМ
Мектеп басшылары мен ата – аналарға сөз беріледі.
Марапаттау оқушыларды! Ата - аналарды марапаттау!
Мұғалім:-- Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызды бөліскендеріңіз үшін көп - көп рахмет!
Қош сау болыңыздар!
Қош сүйікті, әліппем
- Ментай...1975
- 12 ақпан 2016
- 1730
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қош сүйікті, әліппем, әліппемен қоштасу сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Қош бол, сүйікті әліппем!
Бар білімнің бастауын Әліппеден бастадым Үйренуге талпындым Құлшынып балғын жас жаным...Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сандугаш Аязбаева...Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем!...Әліппе – білім бастауы.
Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы....Әліппемен қоштасу
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.