Тақырыбы: «Ата салтым - асыл мұрам»
Мақсаты:
1. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал - мәтелдерін үйрету.
2. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қазақ үйінің жасауы, мақал - мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою - өрнек түрлері.
Сабақтың барысы:
1. І – бөлім. Ұйымдастыру
2. ІІ – бөлім. Мұғалімнің сөзі. Халық педагогикасы
3. І – кезең. «Салт дәстүрді білесің бе» көрініс
4. ІІ – кезең. «Озған ел тарихын таспен жазады» (Сұрақ - жауап)
3. ІІІ - кезең. «Қорытынды»
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп - білген салт - дәстүрлер, әдет - ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғамдық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс - бұрысы бар деуге болмайды.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет - ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
1 - оқушы:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2 - оқушы:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40 - күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3 - оқушы:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4 - оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларына алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой - қиялына жыр етіп, ананың мейір - шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
5 - оқушы:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата - ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.
Би. Қазақ биі (қыздар тобы)
1 - көрініс:
Әже: Ауылға қонақ келсе, ырыздығын ала келеді деген, кәне, келіңдер қазан көтеріңіздер.
Келін: - Ия, ене, біз қазан көтеріп, аз мәзірін дайындап та қойғанбыз!
Әже: Кәне, жиналып дастархан басына келіңіздер.
- Әй, Бейбіт, Самат, Марат кәне дастарханға келіндер! (қолын жуғасын, Самат қолын сілкіп қалады.)
Әже: - Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше сілкідің. Бұл өз ырыс - небісіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке бөккенің. Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама.
2 - көрініс:
Анасы дастархан жайып, шайға шақырады. Бір бала бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды.
Анасы:: Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң бай боласын» деп тәрбиелеген.
Немересі: Ана, кешірерсіз енді қайталамаймын. Асыңызға рахмет.
Анасы: - Ойбай мына пышағы түскірдің жүзі шалқасынан жатыпты
ғой жөндеп қойыңдар. Ол кездейсоқ пәлеге ұрындырар.
3 - көрініс: (Осы кезде 1 бала төрде тұрған домбыраны ат қылып мінеді.
Оқушы: Домбыра қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да, қадірлей біл. Себебі біздің бойымызға халықтың рухани қасиетін сіңіру біздің өнерімізден бастау алады.. Өнерін қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын түсінбеген адам, тамыры шабылған ағашпен тең. Соны есте сақта! Біз саған сол өнердің бірін орындап берейік.
6 - оқушы:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4 - 6 жасқа келгенде ат үстінде өзін - өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер - тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Би: Қара жорға (ұлдар тобы)
Сұрақтар:
1. Жеті күнді ата. (Бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына)
2. Жеті қазынаны атаңыз? Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.)
3. Ерулік ғұрып – салтының мағынасын түсіндір? («Ерулік» - ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «Ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады.)
4. Ұлтымыз қандай сандарды киелі – қасиетті деп есептейді? (3, 5, 7, 9, 12, 30, 40 т. б.)
5. Бес қаруды атаңыз? (1. Садақ. 2. Мылтық. 3. Найза. 4. Қылыш. 5. Айбалта)
6. Өз өнерін көрсету «Қара жорға» биі?
7. Сүт тағамдарын атаңыз? (Сүт, қымыз, шұбат, құрткөже, ежігей, ірімшік, қатық, айран, май, қаймақ, сүзбе, құрт)
8. Төрт түліктің түрлері қалай аталады? (Шопаната, Сексек ата, Қамбар ата, Ойсылқара, Зеңгібаба)
9. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар? (Аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, арқан тартысу, көкпар, асық, тоғызқұмалақ)
10. Жарапазан қай уақытта айтылады? /Рамазан айында, ораза уақытында/
11. Әкеге қарап... /ұл/ өсер, шешеге қарап... /қыз/ өсер
12. Жігітке жеті... /өнерде аз/
13. Қазақ халқының салт - дәстүр, той - томалақтарын ата?. /Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндет той, тілашар/
14. Аттың ер - тұрмандарына нелер жатады? (жүген, ер - тоқым, қамшы, аткөрпе, үзеңгі, тартпа, өмілдірік т. б.)
15. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, билерді білесің? Абылай хан, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір хан. Қазыбек, Төле би, Әйтеке би)
16. Наурыз мейрамы қай жылдан бастап тойланды? /1988 жылы 22 наурызда/
Ән: Дастархан (Асылзада, Әлфия)
Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата - бабаларымыз ұл - қыздарын жасынан бастап сан алуан іс - әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып - күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт - бағдарды белгілеп, қоныс - суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес - жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Ата салтым - асыл мұрам
- daina_81
- 12 ақпан 2016
- 4246
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ата салтым асыл мұрам, салт дәстүр, әдет ғұрып
Ұқсас жаңалықтар:
«Ата салтым - асыл қазынам»
Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру...Ата салтым – асыл қазынам
Мақсаты: 1. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін,...Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеу
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт - дәстүрін құрметтеу...Халықтың әдет-ғұрыптары
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Гүлнар...Ата салтым – асыл қазынам (тәрбие сағаты)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.