Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
Бұлан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Хамедиева Жанаргүл Максимқызы
Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа. Б. Соқпақбаев.
Сабақтың мақсаты: Б. Соқпақбаевтың шығармашылығын таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Сыни ойлау дағдысын дамыту.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі. Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштау.
Тұлғалық нәтиже. Мәтіннің көңіл күйін көзқарасын танып білу қабілеттерін жетілдіру.
Көркем сөйлеу тілін, ойын шығармашылық қиялын ұштай түсу.
Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Венн диаграммасы,«Бес жолды өлең» әдісі,«Талқылау» әдісі,«Кіші дөңгелек» үстел стратегиясы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді, автордың суреті, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амандасу
- Көңіл күйлеріңіз қалай?
- Керемет( қолдарын жоғары көтереді)
Сабаққа дайындықтарың қалай:
- Тамаша (алақандарын шапалақтайды)
Сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
Ахат Жақсыбаев «Оқымысты бала»
Әңгімеде кім туралы айтылған?
Әлкей бейнесінен нені үлгі тұтуға болады?
Әңгімедегі Әлкей есейгенде кім болған?
Әлкей Марғұлан 1904 жылы мамырдың он бірінде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ә. Марғұлан - ғалым, әдебиеттанушы, археолог.
- Ғалым, ғылым деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Ғалым → ізденіп, зерттеп, жаңалық ашатын адам.
Ғылым→ зерттелетін жаңалықтар?
– Қандай адамдар ғалым болады деп ойлайсыңдар?
- Оқымысты деп қандай адамы айтады?
Венн диаграммасы арқылы ауыл балалары мен Әлкейді салыстыру.
«Бес жолды өлең» әдісі
Не? Білім
Қандай? Терең, маңызды
Не істейді? Ұмытылмайды, молайтады, алға жетелейді.
Сөйлем. Білім адамды көкке көтереді.
Синоним. Ғылым...
Әңгіменің аты: Оқымысты бала
Авторы: А. Жақсыбаев
Кейіпкерлері: Автор, балалар, Әлкей
Негізгі ой: Әлкейдің кітап оқуға, білімге құштарлығы
Түйін: Әлкей - ұлы ғалым, археолог.
Ойтұжырым. Дана Абай адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген нәрселермен ғана озатынын айтқан. Әлкейдің жақсы қасиеті – кітап оқуға құмарлығы.
Қызығушылықты ояту
- Сендер қандай шет тілдерін оқисыңдар?
«Танысу» Атты ойынды ойнап көрелік
Екі оқушы тақтаға шығып орыс, ағылшын тілдерінде диалог құрайды.
- Диалог дегеніміз не?
- Бүгін біз шет тілдерінде диалог арқылы сөйлессек, бүгінгі басты кейіпкеріміз бізге қарсы шығып, монолог арқылы сөйлесем дейді.
Мағынаны тану.
Бүгін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысамыз.
- Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.
«Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе - жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
1. Мәтінді тізбектеп оқыту
2.«Талқылау» әдісі арқылы мәтінді талдау
Сынып оқушылары отырған көршілерімен жұп құрайды
Мәтінді тағы бір көзбен жүгірту арқылы тірек сөздер тізбегін құрайды.
Енді жұптағы біреуі мұғалім, екіншісі оқушы рөлінде өзара келісіммен бөлінеді. Кейін орындарымен ауысады. Мұғалім оқушыны бес балдық жүйеде бағалайды.
Мұғалім оқушының жауабын мәтінмен салыстырады, ал оқушы тек өз жазғанын пайдалана алады.
Енді орын алмасады. Мұғалім ретінде басқа топтағы оқушы келеді.
Мұғалімнің оқушы дәптеріне қойған балдарына қарай бүгінгі сабақтағы ең үздік оқушыны анықтау.
- Сонымен басты кейіпкеріміз қалайша бізге қарсы шығыпты.
- Ендеше монолог деген не екенін білдіңдер ме?
Анықтамасын оқу, дәптерге жазып алу.
Кинофильмнен үзінді көру.
Венн диаграммасы (Тақтамен жұмыс)
• Қожаның жағымды жақтары Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс - әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз - өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
• Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
«Кіші дөңгелек» үстел стратегиясы
«Тентек Қожа», «Ақылды Қожа»
Екі топқа қағаз және әртүрлі фломастер үлестіріліп беріледі.
Әр топ берілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлемнен жазады. Жазғандарын бір оқушы оқиды.
Қорытынды: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!
Үйге тапсырма «Мен әдепті баламын» атты эссе жазу
Бағалау
«Критериалды бағалау» әдісі арқылы 5 балдық жүйемен бағалау.
Менің атым Қожа. Б. Соқпақбаев.
- aiboll
- 26 қаңтар 2016
- 11793
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің атым Қожа, Бердібек Соқпақбаев, әдебиеттен сабақ жоспары, Әлкей Марғұлан
Ұқсас жаңалықтар:
Б,Соқпақбаев "менің атым-Қожа"
2. Сабақ мақсаты: а) Білімділік: Б. Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Жазушының «Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік...Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа”
Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға қалыптастыру. Оқушыларды оқыта отырып, көркемдеп еркін сөйлеуге қабілетін дамыту....Бердібек Соқпақбаев. "Менің атым Қожа" повесі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даркенбаева Биби-Жар Бақбергенқызы...Менің атым - Қожа
Мақсаты: білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. дамытушылық:...Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі
Онды орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.