«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға қызмет етуге үйрету.
Керек құралдар: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, «Отан оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды тік» - қанатты сөздер мен мақал – мәтелдер көрнекілік ретінде қолданылады.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Туған жерім - Қазақстан» деп аталады.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз республика.
- Еліміздің астанасы қандай қала?
- Астана қаласы деп аталады.
Ендеше кім осы астана туралы тақпақ айтып береді.
Алматы - бас қала
Астана – жас қала
Бірі ай, бірі күн
Өзім мен мақтанам
Республика қандай рәміздерің білесіңдер?
1 – бала: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.
2 - бала: Айбынды Елтаңбамыз бар.
3 – бала: Мағыналы ән ұранымыз бар.
4 – бала: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
5 – бала:
Тура мойын бұрамыз
Ел таңба деп тұрамыз
Ән ұран деп асқақтар
Біздің елдің рәмізі.
Балалар хормен: «Менің Қазақстаным» әнін орындайды.
6 – бала: Сүйесің ғой даланы,
Гүл жайнаған алабын
Білесің бе сен бірақ,
Қазақстан жалауын.
- Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады
1 – бала: Отан - елдің анасы.
2 – бала: Отан - алтын бесік.
3 – бала: Отан - оттан да ыстық.
4– бала: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5 – бала: Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Қорытынды: Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтейік.
«Туған жерім – Қазақстан»
- Jansaya
- 25 сәуір 2012
- 29534
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, туған, жерім, Қазақстан, Астана
Ұқсас жаңалықтар:
"Тұғыры биік Елбасы"
Мақсаты: Балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...Менің Отаным
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.