Сайтқа кіру Тіркелу

Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп - гимназиясы
Майланова Тойдушат Елемесовна

Пәні: Ағылшын тілі. Қызықты грамматика
Сабақтың тақырыбы: Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрау.
Сабақтың мақсаты: Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрауға машықтандыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету. Шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрай алады; өз ойын ашық, еркін айта алады; сөйлеу тілі дамиды.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, эссе, Қар үйіндісі, қар үстіндегі доп, сәйкестендір
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар ағылшын тілінде бір - бірімен амандасады. Фигуралардың түстеріне сәйкес (ақ, сары, жасыл) үш топқа бөлінеді.
2. Ой шақыру
Сары, ақ, жасыл түстер туралы не білесіңдер? Осы үш түс ретімен келетін өмірде не нәрселер бар?
(Оқушылар ойы тыңдалады.)
- Жыл мезгілдері осы үш түске сәйкес келетіндігі анықталады.
Әр топ күз, қыс, көктем туралы қысқа ағылшын тілінде әңгіме жазып, суретпен бейнелейді.
3. «Ойлан, дәлелде»
- Осы үш түстің ішінде қай түс асыл?
- Ақ түс. Оқушылар мысал келтіріп дәлелдейді.
- Ендеше, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
4. Сәйкестендір «Қысқы ойын»
Оқушылар суретке ағылшынша атауын сәйкестендіріп белгілейді.

Snow sky the sun winter sled sledding skiing snow boarding skating skate
5. Қар үстіндегі доп (сұрақ - жауап)
Ағылшынша сөздер айтылады, оқушылар соған аударма жасайды.
6. Сергіту сәті (ән айту ағылшын тілінде)
7. «Ойлан, құрастыр.»
Әр топ қысқы табиғат құбылыстарына жұмбақтар құрастырады. (аяз, қар, боран,)
8. Егер мен....... (образға ену)
Әр оқушы қыс мезгіліндегі табиғат құбылысына енеді.
Мен - боранмын. Мен қыста соғамын. Салқын боламын.......
9. Бес жолды өлең......
Әр топ қыс мезгіліне байланысты өлең шығарады.
10. Бекіту. «Қар үйіндісі» ойыны
Әр оқушы жеке парақшаға қыс тақырыбында бір сөйлем жазады. Келесі оқушылар жалғастырады. Сыныптағы барлық оқушы да бір сөйлемнен жазып шығады. Соңында жиналған мәтін ашылып оқылады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құстар. 1-сынып

Құстар. 1-сынып

Сабақ негізделген мақсаты: • Құстар туралы түсінік беру • Құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету. • Құстар пайдасы туралы ақпарат, мағлұмат беру....
Farm and wild animals (Үй жануарлары және жабайы аңдар)

Farm and wild animals (Үй жануарлары және жабайы аңдар)

Сыни тұрғысынан ойлай отырып, оқушыларды ағылшын тілінде сөздік қорын молайып, диалог бойынша сөйлеуге үйрету. Достыққа, сыйластыққа, жануарларға...
Табиғат аясында демалу

Табиғат аясында демалу

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нугманова Алмагуль...
Жыл мезгілдері

Жыл мезгілдері

Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...
Алтын күз

Алтын күз

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы Сабақтың тақырыбы: Алтын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×