Бастауыш класс мұғалімі
Бахтыбаева Майра Жарасовна
Тақырыбы: Ұлы даланың батыр қыздары.
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін, Ұлы Отан соғысы кезінде батырлығы мен қайсарлығымен көзге түскен өжет мінезді қазақ қыздары Әлия мен Мәншүктің ерлігімен таныстыру;
Міндеттері:
- Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру.
- Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы ----- ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат болып өсуіне, жан - жақты болуына әсер ету;
- Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
2) Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
3) Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қанатты сөздер, видео
Сабақ барысы:
1 - бөлім. Кіріспе.
( Ұлы Отан соғысы видеоролик көрсетіліп тұрады.)
Мұғалім:
Бұл 1941 жылы 22 маусым еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистер күшті армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында соғыс ашты. Фашистер күзге дейін - ақ Кеңес Одағын талқандап жеңеміз деп даурықты. Неміс фашист армиясының түпкі мақсаты - Москаны басып алу еді. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. Партия халыққа «Бәрі майдан үшін!» деген ұран тастады. Дәл осы кезде Отан – Ана шақырады! Деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел болып қолдады.
Ұлы Отан соғысы басталуымен Қазақстан еңбек майданының негізгі республикасына айналды. Соғыс жылдары Қазақстан өндірісі қарқынды түрде әскери салаға көшірілді. 1944 ж мұнай өндіру үш есе өсті, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндірісі 1, 5 есе өсті. Қазақстан колхоздары мен совхоздары мемлекетке 56 млн. Пұт астық, 733, 9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62, 4 мың жүн тапсырды. Қазақстан халқы ерікті қаражат жинауға үлес қосты. Тарышы Ш. Берсиев, күрішші Ы. Жақаев секілді жерлестеріміз жан аямай жұмыс жасаудың үлгі - өнегесін көрсетті. Республика 1 млн адамды, оның ішінде балалар үйінен 13 мың балаларды қабылдады. Сөйтіп еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін Жеңіс күнін жақындатуға жұмылды.
Қазақстаннан 1 млн 870 мың Қазақстандықтар жан аямай шайқасты. 518 адам оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. «Ер етігімен су кешкен» сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.
Ұлы Жеңістің - 70 жылдығына орай қаһарман, ержүрек, батыр әпкелеріміз Әлия Молдағұлова мен Мәншүктің рухына байланысты «Ұлы даланың батыр қыздары» тақырыбында тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
1 – оқушы. Әлия Молдағұлова. (1924 - 1944) Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды9 - сыныпта оқыды. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Ол 26 - атқыштар дивизиясында құралайды көзге атқан мергендігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыр шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты.( Осы сәтте Әлия Молдағұлова туралы қысқаша видеоролик көрсетіліп тұрады).
2 - оқушы. Мәншүк Мәметова (1922 - 1943).
Қазақтың қаһарман қызы, кеңес одағының Батыры Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім қалып, Алматы да тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып жүр еді. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21 - атқыштар дивизиясында болды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты.
( Осы сәтте Әлия Молдағұлова туралы қысқаша видеоролик көрсетіліп тұрады).
2 - бөлім. Поэзия минуты.
Ән. класс оқушысы Бисеналиева Дарина.
Әлия. Сөзі. Бәкір Тәжібаевтікі. Әні: Сейдолла Бәйтерековтікі
3 - оқушы. Әлия. Сағи Жиенбаев (1 оқушы Әлия болып киініп шығады)
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.