Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Аскар Салтант Аскаркызы
«Ғажайып сурет әлемінде» сайысы.
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, суреттер.
Құрал - жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 3 – 4 «А»сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін - өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.
I – топ. «Бояулар» тобы: 3 «А» сынып оқушылары
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірер
Сурет болмас бояусыз.
Топ мүшелері:
II – топ. «Қарындаш» тобы: 4 «А» сынып оқушылары
Біздің есім «Қарындаш»,
Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
Топ мүшелері:
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып бүлдіршіндер,
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
Сайыс кезеңдері:
1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.
2. «Топ басшылар» сайысы.
3. «Суретшінің қатесін тап»
4. Сөздерден түс аттарын шығару.
5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)
6. Жұмбақ шешу.
Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру
Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.
І топқа:
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)
2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)
3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2 - ге, жылы және суық)
4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)
5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)
ІІ топқа:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)
2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)
3. Суға тез еритін бояу. (Акварель)
4. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)
5. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)
II кезең
«Топ басшылар» сайысы.
Топ басшысы өзіне көмекші алады. Берілген суретті салу керек. Көмекшісінің көзі байланады. Топ басшысы көмекшісіне хабарлап тұрады. Мысалы: жоғары, төмен, оңға, солға т. б
III кезең.
«Суретшінің қатесін тап»
Екі топқа сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.
IV кезең.
Сөздерден түс аттарын шығару.
І топқа:
ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)
ІІ топқа:
ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)
V кезең. Сурет сайысы (топпен жұмыс)
Әр топ өздерінің талантты және тату екендіктерін көрсетеді. Сиырдың суретін салу керек. Біреуі басын, екіншісі - денесін, үшіншісі – алдыңғы аяғын, одан кейін артқы аяғын, құйрық, мүйізін т. б. Суретті салу топқа бір мезгілде беріледі. Сиырды жақсы салған топ марапатталады.(музыка қосылады)
VI кезең. Жұмбақ шешу.
Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.
Мен арамын, арамын,
Қара орманға барамын.
Қимастан бір бұтағын,
Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Күні - түні сөйлеймін,
Өлең айтам, билеймін.
Бәрін - бәрін көрсетем,
Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
Сан ойлантады, сан мұңайтады,
Үндемей - ақ әңгіме айтады. (кітап)
Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
Ғажайып суреттер әлемі
- 3670
- 12 желтоқсан 2015
- 10564
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғажайып суреттер әлемі, сурет пәнінен сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...
Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...XXI ғасыр көшбасшылары!
Бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгертуге баулу. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру,...«Жас суретшілер» сайысы
Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету....Бояулар сыры
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі: Бекниязова Мақпал...Натюрморт жанры
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.