Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Бүгінгі сабақта жақсы көңіл – күйде боламын
(оң қолдарын көтеру)
Бір - бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз.
(сол қолдарын көтеру)
Бүгінгі сабақта жақсы нәтижеге қол жеткіземіз
(екі қолдарын шапалақтау)
Біз бір - бірімізбен доспыз және әрқашан біргеміз.
(бір - бірінің қолдарынан ұстау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 101 – жаттығу. Талдау.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III. Қайталау – білім анасы
- Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік.
Оқушылар тест-тапсырманы кезекпен ауызша орындайды. Бағалау.
IV. Сұрақ - жауап. «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұралады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып тұрып сұрақ қояды, ал оқушылар допты қағып алып, жауап береді.
1. Бастауыш деген не?
2. Баяндауыш деген не?
3. Тұрлаулы мүшелер деген не? Мысал келтір.
4. Тұрлаусыз мүшелер деген не? Мысал келтір.
Бағалау.
V. «Талаптыға нұр жауар» Ребус шешу:
VI. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.
101 - жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Сызба бойынша талдау жасап, қорытынды шығару.
Жай сөйлем
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Бастауыш Бастауыш Баяндауыш
Баяндауыш Тұрлаусыз
Мүше
VII. «Кім көп біледі?» Дәптермен жұмыс. 104 – жаттығу.
Жалаң сөйлемдерді оқы. Оларды жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
1. Түйе боталады. 2. Сәуле үтіктеді.
3. Ара қонды. 4. Күн жылынды.
Керекті сөздер: киім, ақ, бүгін, гүлге.
Сергіту сәті: Би қимылдарын жасау.
VIII. «Кім жылдам?» 107 – жаттығу.
Сәйкестендіру тесті.
Жалаң сөйлем Жолдасты жол айырады
Өнерлі өрге жүзеді.
Жаңбыр сіркіреді.
Жайылма сөйлем Қаз қаңқылдады.
Екі дос мектептен қайтты.
Бағалау.
IX. «Не үйрендім, не білдім?»
Венн диаграммасы
Жалаң Жайылма
Х. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен балалар біз сабақты не туралы өттік?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
XI. Үйге тапсырма. 106 – жаттығу.
XII. Бағалау.
Жалаң және жайылма сөйлем
- 3670
- 12 желтоқсан 2015
- 2780
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жалаң және жайылма сөйлем, бастауыш сынып қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем
Білімділік: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге...Жалаң және жайылма сөйлем
Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру Сөздерден...Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)
«М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Г. М....Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, А. Меңдалыұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анесова Светлана...Жалаң және жайылма сөйлем.
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Қазақ тілі. 3 сынып. Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.