Мұғалім: Оразгалиева. К
Сабақтың атауы 8 санының құрамы
Мақсаты:
1. Оқушыларды 8 саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті қалыптастыру.
2. Оқушылардың танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.
3. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Жақсылыққа толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөліну:
1т. Бұрыштар
2т. Сызықтар
3т. Қосынды
4т. Айырма
5т. Өрнектер
Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Оқушылар математикалық терминдер арқылы 5 топқа бөлінеді
Қызығушылықты ояту
Ой ширату
Әр топ өз аттарын тапсырмалар орындау арқылы қорғайды
1т. Бұрыштар
Бұрыш түрлерін сызып атау.
2т. Сызықтар
Сызық түрлерін сызып қорғау
3т. Қосынды
Қосындының мәнін табу
4+3, 5+2, 6+1
4т. Айырма
Айырманың мәнін табады
5 - 3, 7 - 4, 6 - 3
5т. Өрнектер
Өрнектерді салыстырады
4+1*6, 7 - 5*4, 3+3* 5
Өткенді пысықтау
8 саны қандай сандардан артық?
8>7 8>5 8>3 8>1 8>6 8>4 8>2 8>0
Үйге кірді Алдияр, ----------------------
Оған қоса Мадияр.--------------------
Кейін келді Айдана, ------------------
Қанша болды бар бала? ------------
(1+1+1 =3 ) --------------------
Ағаштағы төрт алмұрт,
Өскен екен тимей құрт.
Самал алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін?
(4 - 2=2)------------------
Шығармақ болып кеше есеп, ------------
Жиналыпты бес есек. ----------------------
Үшеуі ұйықтап отырды, --------------------
Ынталысы неше есек? ---------------------
5 - 3=2 ) ----------------------------------------
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
(5+3 - 1 - 1=6)
Көлден ұшты жеті қаз, ----------------------
Қайтып қонды екі қаз. ----------------------
Қонбады оның нешеуі, ---------------------
Қане, кім тез шешеді? ----------------------
(7 - 2=5)
Екі аяқ пен екі қол
Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?
(2+2+1+1=6)
Сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Компьютерлік слайд бойынша 8 құрамын шығарту үшін балапандарды санатып, 8 құрамын сол балапандарға қарап (бау, галстугіне, бетіне қарай топтастыру арқылы) компьютердегі үйшікке толтыру компьютерге қаламмен жазылады.
Ойын «Қанша балапан?» шарты екінші қораптағы балапандардың санын табу.
8 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады?
8=7+1
8=6+2
8=+5+3
8=4+4
2. Қосу және азайтуға мысал құрастыру.
7+1=8
8 - 7=1
8 - 1=7
6+2=8
8 - 6=2
8 - 2=6
5+2=8
8 - 5=3
8 - 3=5
4+4=8
8 - 4=4
3. Кесіндінің ұзындығын салыстыру.
8 см >7см 7см 7 8cм>5cм
Сергіту сәті Қол ұстасып қане біз
Дос болайық бәріміз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы дос болу
Достарыңмен бір жүру
Ой сергітеді, шаршағандары
Басылады
Ой қозғау Шығармашылық тапсырма:
«Ой қозғау» оқушыларды ойландыра отырып, санға +1 қосып - 0 азайтсақ және одан шыққаннан - 1 - ді алсақ, сол санның өзі шығатындығына көздерін жеткізу. Тең болу себебін түсіндіру.
тапсырма күндегідей ауызша схема бойынша сөйлету
«Қанекей, тілім сөйлеші»
Қызыл кесінді көк кесіндіден 1 см ұзын
Көк кесінді қызыл кесіндіден 1 см қысқа
Сары кесінді көк кесіндіден 2см қысқа
Орындарын табуға көмектес.
Тордың, аквариумдардың, ұяның мәндерін тауып алып, тиісті иелерін шығара отырып, орындарын тапқызу.
Дәптермен жұмыс
Қорытынды
Кері байланыс
– Қай санның құрамын құрдық? ( 8 )
- Неше балапанмен жұмыс істедік?
- Үйде нені бағуға болады екен?
- Сабақ несімен ұнады?
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
«Сұрақтар қоржыны»
- Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
- Бағдаршам әдісі бойынша алдарындағы стикерлерін жапсырып өздерін бағалайды.
8 санының құрамы
- күнайым
- 8 желтоқсан 2015
- 2944
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан ашық сабақ жоспары, 8 санының құрамы
Ұқсас жаңалықтар:
Қайталау. Теңдей (тең бөліктерге) бөлуге берілген есеп
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу...10 санының құрамы
10 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 10 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 10 көлеміндегі сандарды...7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...6 санының құрамы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна...6 саны және цифры
Пәні: математика Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.