Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлем

Бастауыш сынып мұғалімі Кайболда Сарымолдаев

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемді еске түсіреміз

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін тақырыпқа сай меңгерту, қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың сауатты әдемі жазу дағдысын қалыптастыру, ойын жүйелі, жатық жеткізе білуге, белсенділіктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: ойын, деңгейлік тапсырмалар, тест, сәйкестендіру тесті.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кестелер, тест, деңгейлік тапсырма
Пәнаралық байланыс: математика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық:
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте үйге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.
Сыныбымыз тап - таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
Қазақ тілі жайлы бір шумақ өлеңді хормен айтқызу.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын - жазушыларымыздың тілі - туған тіліміз - қазақ тілі сабағы екен.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Тест алу.
1. Дұрыс жауапты белгіле.
а) Сөйлем сөздерден құралады.
ә) Сөйлем сөздерден құралмайды.
б) Сөйлемнің соңынан тыныс белгі қойылмайды.

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді тап.
Ақыл азбайды, білім...
а) тозбайды
ә) жүрмейді
б) күлмейді

3. Қай сөйлем аяқталған ойды білдіріп тұр?
а) Күн жылына бастады.
ә) Қар еріп.
б) Құстар қайтып.

4. Дұрыс құралған сөйлемді тап.
а) Барды Қанат мектепке.
ә) Қанат мектепке барды.
б) Мектепке барды Қанат.

5. Қайда барды? Сұрағына жауап тап.
а) Мектепке кетті
ә) Мектепке барды.
б) Мектептен келді.
ІҮ. Жаңа сабақ.
«Сөзжұмбақ» шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
- Біздің бүгінгі сабағымыз өткенді қайталау.
- Сөйлем неден құралады?
Сөйлем сөзден құралады.
- Онда дұрыс сөйлем құраңдаршы.
Бүгін күн жылы болды. Ағаштар бүршік жарды.
- Дұрыс, сөйлем толық болуы үшін сөйлемде зат есім, етістік, тұрлаусыз мүшелер болуы керек.
Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Өркенің өссін, балам! Шоқан тоғызға толды ма? Дастарханнан дәм кетпесін. Қаз, үйрек, тауық - үй құстары. Азамат болып өс! Тоғайда қайың, терек, емен өседі. Шырша қайда өседі?
Сергіту сәті
Жазу жаздық өзіміз,
Шаршап қалды қолымыз.
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.

2 - жаттығу. Алдымен хабарлы, сонан соң сұраулы және лепті сөйлемдерді ретімен көшіріп жаз.
Мынау не, ата? Демалыс күні ата - анам жұмысқа бармайды. Саябаққа машинамен барамыз ба? Алақай, ертең атаммен бәйгеге барамыз! Данияр әлі кішкентай. Тоғай іші сондай керемет!

Ү. Сабақты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар беру

І деңгей.
1. Орны ауысқан сөздерді дұрыстап, сөйлем құра.
Үшінші, оқимын, сыныпта, мен. Қай, балалар, мезгіл, қазір?
ІІ деңгей
1. Мақалдың жалғасын жаз.
Еңбек етсең ерінбей,

-------------------------------

2. Жаңылтпаштағы сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаз.
Қараңыздар, қалай біз
Қабырғалар қалаймыз?
Қалаймыз да, қараймыз,
Қараймыз да, қалаймыз

ІІІ деңгей.
1. Тауда демалғаныңды, қуанышты хабарды, сабақтан бестік алғаныңды, Астанаға қыдырып барғаныңды, спорттық жарыстан жеңімпаз атанғаныңды алдымен хабарлы сөйлем, сонан соң лепті сөйлем түрінде жаз.

ҮІ. Сабақты қорыту. «Сәйкестендіру» тесті.
Хабарлы сөйлем Орман іші сондай керемет!
Сұраулы сөйлем Күзде жаңбыр көп жауады.
Лепті сөйлем Сен нешінші сыныпта оқисың?
ҮІ. Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×