Сайтқа кіру Тіркелу

Қолғанат. Сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Қолғанат. Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жазылу тәртібін үйрету
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, плакат, С. Сейфуллин суреті
Сабақ барысы:
Психологиялық тренинг «Шалғын мен орман»
Қолдарыңызды еркін тізелеріңізге қойып, көздеріңізді жұмып, жайлы отырыңыз. Менің айтқанымды ғана тыңдап отырыңыз. Менің дауысыма зейініңізді тұрақтандырыңыз. Үш рет терең дем алып, баяу дем шығарыңыз.
Ал енді өзіңізді күн сәулесінен жарқыраған шалғында елестетіңіз. Жақсылап жан жаққа қарап, тыңдаңыз, қандай дыбыстар сізді аялайды? Иісті сезініңіз, қандай иіс? Әдемі гүлдерді көріп тұрсыздар. Олар көздің жауын алады. Сіз осы шалғын арасындағы жолмен келе жатырсыз. Алдыңызда орман, соған кіріңіз. Мұндай қандай ағаштар, орманның иісі мен дыбыстарын сезініңіз. Құстардың дауысы жанымызға тыныштық береді. Орманнан шығып, шалғынға қайра шықтық. Әдемі гүлдер, самал жел. Қандай жұпар иіс пен таза ауа. Жеңіл және еркін демалыңыз. Көңіл күйлеріңіз сергек және қуанышты. «Үш» дегенде көздеріңізді ашыңыздар. Енді мына суретке қараңыздар. Жаңағы алаңқайға ұқсай ма? Нені көріп тұрсыңдар? Мұнда қандай ерекше гүлдер бар?
Дұрыс, Осы әріптерден сөз құрастырып көрейік: ес, ем, мес, сел, сөл
Ой шақыру:
Балалар, біз әріптерден не құрадық? Сөз
Осы әріптерді орын орындарына дұрыс қойсақ, бір сөз шығады. Қане, ойланып көрейік? Сөйлем
Ендеше, балалар, біз бүгін сөйлеммен танысамыз.
Сөйлем неден құралады? Сөзден
Бірінші сөз сөйлемдегі қалай жазылады? Бас әріппен
Соңына қандай белгі қоямыз? Нүкте
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі биленеді
Кластер
Көмек дегенде естеріңе не түседі?
Автор туралы түсінік беру. Сәкен Сейфуллин
Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894 - 1938) — қазақтың көрнекті жазушысы әрі ақыны, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.
Туып өскен жері — Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған.
Топпен жұмыс:
«Қолғанат» тақырыбы екі топта оқылады. Балалар жеке, топта талдап, мазмұнын ашады.
Дәптермен жұмыс:
137 - жаттығу: мәтіннің екі сөйлемін жазып, олардың әрқайсысы неше сөзден тұрғанын айтады.
«Авторға сұрақ қою»
Бір топ автор болып, екінші топтың сұрағына жауап береді.
 Құрметті автор сіз неге естелігіңізде Сәкеннің анасына көмегі жайлы тоқталдыңыз?
 Сіздер Сәкенмен жуынуға барғанда, бәріңіз тәртіп сақтап жүрдіңіздер ме?
 Анаңыз ағаңызға ерекше мейірлі екенін қалай сездіңіз?
Қорытынды:
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра:
Қыз, Айман, сұлу.
Мектепке, кеше, бардым, мен.
Сүйікті, ана, тілі, пәнім, менің.
Сөйлем деген не?
Кім жайлы мәтінмен таныстық?
Бағалау:
Балаларды жауабына қарай бағалайды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×