Сайтқа кіру Тіркелу

Суды қорғау

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, суды пайдалану және оны қорғау туралы түсінік беру. 2. Дамушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз ойын толық жеткізе білуін қалыптастыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын шыңдау, қорытынды жасай білуге машықтандыру. 3. Тәрбиелік. Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, тест, жұмбақ шешу, қысқаша сюжетті фильм, шығармашылық суреттер, видео, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу: Қонақ келсе құт келер,
Мұны бүкіл жұрт білер.
Қонаққа сәлем бермесек.
Әдепсіз екен деп күлер.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмып, бір – бірімізге жақсы тілектер тілейік. (Енді көзімізді ашып, бір – бірімізге жарқын жүзбен қарайық. Өйткені біз бәріміз доспыз. Достар әрқашан тату болады.) Мен де сендерге сәттілік тілеймін. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық, мәртебелерің биік болсын! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, - деп Ыбырай атамыз айтқандай, бір Аллаға сыйынып, сабағымызды бастайық! (ІІ топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз І – топ, ІІ – топ)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өзен және көл.
- Балалар, сендердің алдарыңда кішкентай көлшіктер бар, сол көлшіктерге балықтар жіберіп, өсірейік. Балықтардың артында тест сұрақтары бар екен. Балықтар сусыз тіршілік ете алмайды. Сондықтан, сұрақтарға тез жауап беріп отырайық, балықтарды аман – есен көлшікке жіберейік. Дайынбыз ба? – Иә. Ал олай боса іске сәт!
Балалар, сендер балықтарды аман - есен көлшікке жіберіңдер.
Табиғатты қорғауға өз үлестеріңді қостыңдар.
ІІІ. Білімді тексеру. Сендер өзен, көл, оның пайдасы туралы білдіңдер. Еңбек етіп шаршадыңдар. Балалар, бұл балықтар жәй балық емес екен. Теледидарға қосып көрейік. Теледидар көріп демалайық. (Сергіту сәті). Енді аздап демалып, теледидардан сюжетті фильм көрейік. (теледидардан сюжетті фильм көреміз). Балалар, сендер тамаша табиғатқа тамсана қарап, демалдыңдар. Осындай әдемі табиғатты, мөлдір, тұнық судың құрып, шөлге айналуын қалар ма едіңдер? Жоқ, әрине. Олай болса не істеуіміз керек? – суды қорғау керек.
ІV. Мақсат қою.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Суды қорғау» деп аталады. Сендер ластанған су және суды қорғау туралы білетін боласыңдар.
V. Жаңа сабақ.
Су тазалығы – денсаулық өлшемі туралы айту.
Су – байлық негізі, тіршілік көзі болумен бірге, ол әсемдіктің, сұлулықтың, тазалықтың, адалдықтың өлшемі.
Қазақта: «Ағын су тоқтамай, тіршілік тоқтамайды немесе қырық күн аштыққа шыдарсың, бір күн шөлге қалай шыдарсың» деген аталы сөз су құдіреті мен қасиетін дәлелдей түседі. Адам баласы табиғаттағы суды пайдаланғанда оны жүйелі пайдалануды, үнемдеп пайдалануды ойлау керек. Қазіргі кезде жеке шаруашылық қожалары көбейіп кетті. Олар суды сұраусыз өз мүдделеріне пайдалануда. Ертең су тапшылығына ұшырамасқа кім кепіл.
Су жағасына кірпіш құю, қала тұрғындарының машина жууы, жағаға, суға қоқыс төгуі, қала тұрғындарының пайдаланған шайынды лас суын суға ағызуы:
1. Судың тазалығының бұзылуына.
2. Судың азаюына.
3. Судың ағысының бәсеңдеуіне әкеп соғады.
Еліміздің әл – ауқатын экономикалық дамуын арттыратын негіз, табиғат пен оның байлықтары. Табиғат байлықтарының бір көзі – су.
Болашақтың алтын кілті сендерсіңдер. Сондықтан алған білімді саналы жұмыстармен ұштастырып, суды, жалпы табиғатты қорғауда өз үлестеріңді қосыңдар дегім келеді.
Ал енді кітаппен жұмыс жүргізейік.
VI. Білімді тиянақтау
І – кезең.
Кітаппен жұмыс
І топ, 3, 4оқушы кітапты оқиды (2топтың да оқушылары мазмұнын айтады
.
ІІ – кезең. Шығармашылық жұмыс
І топ 1) өлең құрастыру; ІІ - топ 1) жұмбақ құрастыру;
ІІІ кезең. І топ Сурет арқылы мақал – мәтел, тыйым сөз айту
ІІ – топ: Сурет арқылы мақал – мәтел, тыйым сөз айту
IV кезең І топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру
ІІ топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру
VII. Қорыту.
Су туралы не білдік?
Ән: Кең байтақ жеріміз,
Бақытты еліміз.
Жарқырап айнадай,
Айдынды көліміз.
Қ – сы:
Шалқысын суымыз,
Жайқалсын нуымыз.
Гүлденіп Қазақстан,
Биікке көтерілсін туымыз.

Кен құсып жеріміз,
Таусылмас кеніміз.
Өндіріп аламыз,
Болашаққа жол саламыз.
Қ – сы:
Шалқысын суымыз,
Жайқалсын нуымыз.
Гүлденіп Қазақстан,
Биікке көтерілсін туымыз.
(Өлеңге байланысты бейне клип көрсетіледі).
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
Су бөлімін қайталау 56 – 63 беттер. Суды қорғау тақырыбына шығарма жазып келу.

Балалар: Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Алақай – ау, алақай,
Үзіліске шығамыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×