Сайтқа кіру Тіркелу

Заттың санын білдіретін сөздер

Тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың заттың санын білдіретін сөздер жайлы түсініктерін пысықтай отырып, білімдерін тексеру, грамматикалық ұғымды үйрету, сөз таптары туралы білімдерін кеңейту. Заттың санын білдіретін сөздерді сауатты жазуға машықтандыру.
2. Салыстыру ой - өрістерін дамыту, ауызша сөздік қорларын арттыру, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға және ізденуге баулу.
3. Тіл туралы түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, өз тілінде дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, топтау.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, сызба - суреттер, таратпа - кестелер, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық ахуал. Армысың сұлу күн! Армысың ашық аспан!
ә) Күн ретін жазу.
б) Көркем жазу. Тіл – көңілдің кілті.
Тіл қуантады, ренжітеді, түсіндіреді, татуластырады.
в) Сабақтың тақырыбын және мақсатын таныту.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ертегі: Ертеде бір хан болыпты. Оның бірнеше балалары бар екен. Оның ішінде төрт егіз ұлы болыпты. Олар үнемі сұрақ қоя беретін болыпты және сұрақтарды жеке - жеке бөліп алыпты.
Үлкен ұлы «Кім? Не?», екінші ұлы «Не істеді? Қайтті? Не қылды?», үшінші ұлы «Қандай? Қай?», ал кенжесі «Қанша? Неше? Нешінші?» деп сұрай бере еді екен. Бұл сұрақтар нені білдіреді?

1. Кім? Не? - заттың атына
2. Не істеді? Қайтті? - заттың қимылына
3. Қандай? Қай? - заттың сынына, сапасына, түсіне
4. Қанша? Неше? - заттың санына

ІІ. Сұрақ – жауап. – Тіл неге керек?
- Тіл қандай болады?
- Сендер қай тілде сөйлесесіңдер?
- Мемлекеттік тіл – қай тіл?
- Біздің мектепте сендер қандай тілдерді үйренесіңдер?

III. Үй тапсырмасын тексеру. 35 – жаттығу.
Бір аптада жеті күн бар. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар. Бір сағатта алпыс минут бар.
- Заттың санын білдіретін сөздерді ата.
- Қай сөзбен байланысады?
Жеті күн, жиырма төрт сағат, алпыс минут.

IV. « Жасыл - жол ашық» ойыны. Санмен берілген сөздердің қай мереке күні екенін анықтау арқылы келесі бөлімге жол ашу.
- 1 қаңтар
- 8 наурыз
- 22 наурыз
- 7 мамыр
- 9 мамыр
- 1 қыркүйек
- 22 қыркүйек - жасыл көз жанады.
Яғни, 22 – қыркүйек - Тіл мерекесі болып саналады.

V. Мәтінмен жұмыс.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×