Сабақтың атауы: Ғ дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың Ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Жұмбақ
Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық
- Екінші буын қай дыбыстан басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысының таңбасымен
- Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін жазамыз. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
“Ғарышқа ұшу” ойыны
Әріптерді еске түсіру
Ребус шешу:
Ж+ =
Шешуі: (Сандық, жаға, таға)
Ойын: “Сөйлемді толықтыру”
1. Өзімнен үлкен бауырым......
2. Қыз құлағындағы әшекей.............
3. Атам ат...............
"Кім тапқыр" Сөз жұмбақ
1. Тамақтың дәмін келтіреді
2. Үй құстары
3. Бүгін қандай әріппен таныстық?
4. Қасиетті тағам.
Сергіту сәті
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Ой сергітеді, шаршағандары басылады
Ой толғаныс
Дыбыстарды ажырата білеміз бе?
Б, С, Ж, З, Қ, Е, К, Т, Ш, П,.....
Сабақты қорытындылау
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Қандай сөздерде Ғ дыбысы бар екен?
Үйге тапсырма Ғ әрпін оқу, жазу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Ғ дыбысы мен әрпі
- aitolkyn91
- 7 қараша 2015
- 5659
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғ дыбысы мен әрпі, ашық сабақ бастауыш сыныптарға
Ұқсас жаңалықтар:
"Ғ" дыбысы мен әрпі
Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...ё әрпі және дыбысы
«№ 2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Туребекова Л. М....И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Ляззат Нуржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.