Сайтқа кіру Тіркелу

Құттықтау жазып үйренеміз

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Құттықтау жазып үйренеміз.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға құттықтау жаза білуді түсіндіру, үйрету;
2. Оқушылардың тұжырымды сөйлей білуін байланыстырып сөйлей білуін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, көзқарасын білдіруге жетелеу;
3. Оқушыларды ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, мәдениеттілікке, ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ребустар, ашық хат, үлестірмелі парақшалар, үнтаспа.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтасу, жұптасу, ойландыру.
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, әдебиет, еңбекке баулу, бейнелеу, музыка.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн болсын!
Барлық күндер әрдайым сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын!
Оқушыларды 3 топқа бөлу. «Жеңіс», «Ынтымақ», «Достық»

II. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үй тапсырмасы ауызша оқытылады.

III. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымызда құттықтау жазып үйренетінімізді айтып түсіндіремін.
- Біз құттықтауды қай кезде жазамыз?
- Қандай мерекелерді білесіңдер?
1 - жаттығу (ауызша)

1. Оқулықпен жұмыс.
Суреттегі баланың құттықтау сөзін оқып, тыныс белгісіне назар аудару.

2. Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтінді түсініп оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Ә) Шығармашылық жұмыс.
Анаңның туған күніне арнап тілек жаз.

3. 3 - жаттығу. (ауызша)
Құттықтау хаттарды оқып, кім жазғанын айту. Қандай мерекеге арнап жазылғанын айту.

4. Өзіндік жұмыс.
4 - жаттығуда батаны түсініп оқып, алдыңғы төрт жолын көшіріп жазу. Сын есімдердің астын сызу.

Тынығу сәті.
«Орманға ойша саяхат»

5. «Ұйқасын тап» ойыны. (Жұптық жұмыс)
Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел...

Оқуда зейінді бол,
.... бейімді бол.

Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын....

6. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру. Бір - біріне сұрақ қою.

IV. Қорыту.
7. Топтық жұмыс.
Үш топ өздері құттықтау жазады, оны қорғайды.
«Жеңіс» тобы
«Ынтымақ» тобы
«Бірлік» тобы

V. Үйге тапсырма.
7 - мамырға құттықтау жазу.
VI. Бағалау.(Формативті бағалау)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мейрамына арналған құттықтау

Наурыз мейрамына арналған құттықтау

"ЕСКІ ЖЫЛ" алып қал!— деп ауырлықты, Тілейік "ЖАҢА ЖЫЛ"- дан жақсылықты! Жаңа жыл алып келсін бәрімізге: Алдымен бірінші боп денсаулықты!...
Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Қанша жұлдыз әлемде? Қанша теңіз әлемде? Сонша бақыт тілеймін Бақыты бол өмірде...
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: жаңа сөздермен танысу, олармен сөз тіркесін және сөйлем құрастыру. 2. Дамытушылық: мәтінді түсініп аудару қабілетін...
Бір таңбалы сандарға  ауызша көбейту және  бөлу

Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз...
Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту

Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту

Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×