Үржар ауданы, Қабанбай ауылы,
“Жарбұлақ орта мектебі„ КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қасенова Жанар Қабимоллақызы
Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Тақырып: Амангелді батырым (слайд)
Сабақтың мақсаты: а) қалың қазақ елінің кегін қанмен жуған қасық қанын елі мен туған жеріне қиған Амангелді туралы мағлұмат беру.
ә) дамытушылық: мәнерлеп оқу арқылы оқушылар ақынның туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге сол арқылы әр баланы елін, Отанын қадірлеуге бағыттау, сөздік қорын дамыту, тіл байлығын арттыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке,, елін жерін сүйіп қоймай оны қорғай білуге, батыр аталарының ерлігін үлгі тұтып, оған ұқсауға
тырысу, ер жүрек, қайратты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, ойын түрі, суреттер.
Сабақтың типі; жаңа сабақ меңгерту.
Сабақтың түрі; аралас сабақ.
Сабақтың өтілу тәсілі; оқу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ой шақыру.
Сабақтың барысы;
1 - слайд. Ұйымдастыру кезеңі, Психологиялық дайындық
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу.
2 - слайд Үй тапсырмасын сұрау. 1. Әңгіменің әрбір бөлігін әңгімелеу.
Ә) Махамбет пен Исатай туралы мәлімет жинау.
Видео көрсету.
- Иә сен қазақсың; ал қазақ елі туралы жырлаған қандай ақын жазушылардың өлең жолдарын білеміз? Үзінді оқып берейік.
- Қазақ елінің азаттығы үшін, жас ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар жайында өткен сабақтарға шолу жасайық, ол үшін мына сөзжұмбақты шешейік
3 - слайд Сөзжұмбақ шешу.
- Қандай сөз шықты?
- Амангелді.
4 - слайд Өлеңнің авторымен, тақырыбымен, суретін салған суретшімен таныстыру
- Бүгін Амангелді батырым өлеңін оқимыз. Авторы Нүрпейіс Байғанин халық ақыны, жырау, қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол көбінесе батырлар жайлы дастандарды жырлаған.
Ал суретін салған Ә. Қастеев, ол жас күнінде ағаштан ойып, тастан қашап жан - жануар мүсіндерін жасаумен әуестенген, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салған талантты суретшілердің бірі.
5 - 6 - слайд Амангелді батыр туралы мағлұмат беру.
Амангелді Үдербайұлы Иманов - қазақ халқының батыры. 7 жасында әкесі, одан бес жылдан кейін шешесі қайтыс болып жастайынан жетім қалды. Ол байларға жалшы болды, еңбектің қайғы - қасіретін ауыр тұрмысын көрді. 1873ж Торғайда дүниеге келген. Қазақстандағы 1916 жылы өріс алған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы болған. 1905 - 1907 жылдары байларға қарсы шаруалар қозғалысына қатысты. Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырып 1896 - 1911 жылдар арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды. 1918жАмангелді басқарған отряд Торғай қаласын ақ гвардияшылардан босатты. Көздегені мүлт кетпейтін мерген, әрі ержүрек болған.
Өлеңді оқу, түсіндіру. Оқушылардың мәнерлеп, түсініп, тізбектей оқуы.
7 - слайд Сергіту сәті. Көк тудың желбірегені.
8 - слайд Кім жылдам? Мақал - мәтелді жалғастыру.
9 - слайд Сен білесің бе? Бұл ата баба тарихы - менің тарихым.
10 - слайд Топтастыру стратегиясы бойынша Амангелді батырды сипаттау.
11 - слайд Бағалау.
- Бүгінгі таңдағы бейбіт заманның батырлары еліміздің бірлігін, өркендеуіне үлес қосып отырған елбасымыз Н. Ә. Назарбаев, спортшыларымыз, әр мектептің алтын медаль иегерлері де Отанына білім - таусылмайтын қазынасымен ерлік көрсетуде, осы кісілердей батыр елінің өркендеуіне үлес қосатын, таусылмайтын қазына білімді болсын деген ниетпен сіздерге мына алтын медальдарды беремін ашық сабақтан естелік ретінде қабыл алыңдар.
12 - слайд Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттау.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.