Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға К мен Г дыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретіні туралы түсіндіру.
ә) Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.
б) Әдемі, таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, карточкалар, анаграмма, слайд т. б.
Түрі: аралас
Пәнаралық байланысы: дүниетану, ана тілі
Әдісі: диалог, сто, талдау.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру
2. Суреттер бойынша топқа бөліну.
3. Топ мүшелерін сайлау
4. Бағалау түрлері туралы хабарлау.
ІІ. Өткенді қайталау
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауыссыз дыбыстар түрлерін ата.
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата
6. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
7. Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Топтық тапсырмалар
1 - Топ Берілген әріптерді Венн диаграммасына жаз: а, п, к, е, н, о, т, ң, ғ, д, о, б, я, ю, у, ц
2 - Топ «Балқарағай» сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыр.
3 - Топ Мектеп, кітап сөздеріне дыбыстық талдау жаса
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүлзар.
К – дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?
Г – дыбысы ше?
К, Г - қандай дыбыстар?
2. Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Ережені бір оқушы дауыстап оқу, түсіндіру.
Г әрпі сөз соңына жазылмайды. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К дыбысы Г - ге айналады. Мысалы: түлік – түлігі, жүзік – жүзігі, керік - керігі
ІҮ. Негізгі бөлім
109 - жаттығу
Жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу.
Өрнек, көйлек сөздерінің соңына і дыбысын қосып айту.
110 - жаттығу
- і дыбысын қосып жазу
- өрік - өрігі,.....
Сергіту сәті (бейнеролик көрсету, қосылып билеу)
111 - жаттығу (ауызша) Топтық жұмыс
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлеу құрау.
1 - топ жидек. 2 - топ терек 3 - топ жүрек
113 - жаттығу (ауызша) Топтық жұмыс
«Еңбек түбі - береке» мақалын қатыстырып әңгіме құрау.
Ү. Кері байланыс
Тілек ағашына стикер жапсыру арқылы
ҮІ. Үйге: 112 - жаттығу
ҮІІ. Бағалау (жетон санына қарай)
Дауыссыз к мен г
- Abenova Agiba
- 22 қазан 2015
- 3265
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дауыссыз к мен г дыбыс және әрпі, бастауыш сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Дауыссыз қ мен ғ
Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ - ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ - ға айналады. Қабақ - қабағы, сабақ - сабағы....Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.