Сайтқа кіру Тіркелу

И дыбысы мен әрпі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жүзбаева Баян

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға И дыбысы мен әрпін таныту. И дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, И дыбысын сөздің ішінен бөліп алып, жеке
дыбыстату арқылы оның дауысты дыбыс екенін меңгерту. И әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.
2. Оқушылардың ой өрісін, сөздік қорын дамыту, мәтін мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. Жаңа сөздерді меңгерту.
3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып«жеті қазына» жайлы мағлұмат беріп халықтық педогогика негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі кеспе суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық
«1» дегенім - жаман баға
Алады оны жаман бала.
«2» деген - нашар баға
Інішегім нашарлама.
«3» дегенім - орта баға
Сапасы оның орта ғана.
«4»дегенім - жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
«5»дегенім - үздік баға
Оқимыз тек үздік қана
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
- Әріп дегеніміз не?
«Әліппе»өлеңін айту.
Ойын: «Әріптер әлемі»
Мақсаты: Берілген әріптерге сөздер айту. І, Е, Ә, К т. б

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ.
- Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?
Адамға серік,
Күзетке берік (ит)
- Ит
Тікұшақтан аумайды
Маса, шыбын аулайды. (инелік)
- Қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бүгінгі сабағымызда И дыбысымен танысамыз.
- И дыбысын барлығымыз хормен айтамыз.
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты дыбыс
- Қандай дөңгелекшемен белгілейміз?
Оқулықпен жұмыс Суретке сөйлем құрату. Мәтінге тақырып айтайықшы. «Ит пен инелік»
- Бұл жылдың қай мезгілі?
И и Инелік буынға бөлейікші
И - не - лік
Дыбыстық талдау жасайық
- Неше буын бар?
И дыбысы сөздің қай буынында?
- Бағандағы сөздерді оқу, талдау. Мағынасын ашу.
Ит ине иек киік тиын тиек Кит инелік шие киім тиін жиек
Ит - үй жануары
Кит - ең ірі сүт қоректі жануар
Ине - тігін тігетін құрал
Инелік - жәндік
Шие - жеміс
Киік - түз тағысы, жануар
Тиын - ұсақ ақша
Тиін - орманда тіршілік ететін жануар
Тиек - ішекті саз аспабының құрамы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×