Сайтқа кіру Тіркелу

"Боран" Мұхтар Әуезов

Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов.

Сабақтың мақсаты:
• М.Әуезов өмірімен таныстыру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған «Боран» мәтінін оқып, негізгі ойды, идеяны ұғынады.
• Мәтін бойынша тапсырмалар беріп,өз ойларын тұжырымдап жеке,топта жұмыс жасап, шығармашылықпен жұмыс жасауға, танымдық қабілетті дамытуда, ой өрісін арттыруда ізденіс жұмыстарын жүргізу.
• Ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға, табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас абақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, топтастыру, сиқырлы қалам, ДЖИКСО әдісі, әңгіме кестесі, Т кестесі, бес жолды өлең.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, География.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. «Сиқырлы қалам» әдісімен сұралады.
1. Абай «Қыс» өлеңін жатқа айту.
2. Сұрақтарға жауап беру.
3. Ақын қысты кімге теңейді?
4. Қыстың күйін қалай бейнелеген?
5. Малшы жайында не айтылған?
6. Өлеңдегі адам кейпіндегі қысты көз алдыңа елестетіп көр.

ІІІ. «Өткен өмірден» тарауынан балалар бір біріне сұрақтар қою.

ІV Абай кім сұрағына жауап ала отырып үй тапсырмасын қорыту.
Мына төмендегі кесте бойынша талдау:
Абай ақын,
Жаз
Күз

Сазгер композитор,
Желсіз түнде жарық ай
Көзімнің қарасы

Аудармашы.

ІІ.Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту.
• Бұл кім?
• Мұхтар Әуезов суреті.
Мағынаны тану «Боран» сөзіне ассоциация құру.

1. «Боран» суреті
Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Олар неге қарсы жүріп келе жатыр?
Жылдың қай мезгілі?
Оны қайдан біліп отырсыңдар?

2. Сөз сыры
Боран қатты ұйытқып соққан жел.

3.ДЖИКСО әдісімен мәтінді оқыту.
А)Тақырып материалдарын бөлімдерге бөлу.
Ә)Тақырыпты топтарға бөлімдер бойынша беру.
1 топ «...суық қатайғаннан .... шыдатарлық емес»
2 топ «Ығы кетіп,... шыдап болмады»
3 топ «.....Қанша екені белгісіз ... азан салады»
Б)Топта оқу (5 минут)
В)Талқылау
Г)Тезис жазу.
Д)Ұжымдық талқылау. Әр топтан бір оқушыдан шығып, өзі оқыған бөліктерінің түсінігін айтады.
Ж) Кезектестіріп сұрақ қою. Мұғалім ақпараты.

4.Тапсырмалар.
1 топ Әңгімеге сүйеніп үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.
2 топ Мәтіннен Абайдың мазасы кеткені жөнінде айтылатын жолдары тауып оқу.
3 топ Әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін тауып оқыту.

Қорытындылау. Талапты табады, табанды жеңеді. М.Әуезов.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұнын айту.
М.Әуезов туралы реферат жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×