Бастауыш сынып мұғалімі Жаннат Сандибаева
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Не қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөздер. Ара адамды неге шағады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар орындай отырып, заттың қимылын білдіретін сөздерді тез таба білуге үйрету, сұрақтар қоя білуге үйрету, тест сұрақтарына дұрыс жауап беруге өткенді еске түсіру.
Дамытушылығы: Сауатты көркем жазуға, байланыстырып сөйлей білуге баулу. Шығармашылық жұмыстарды орындауда қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: суреттер, тест парақшалары, кеспе қағаздар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық кезең
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
II. Мақсат қою кезеңі
- Заттың қимылын білдіретін сөздер
ІII. Үй тапсырмасын тексеру
«Кел, балалар, оқылық»өлеңін жатқа сұрау.
- Оқу не үшін қажет?
Жаңа сабаққа дайындық
Көркем жазу
Гг Ее Жж Зз
Балалар осы сөздерден басталатын сөйлем жазу керек. Үлгі: Гүл өсті.
Өз бетімен жұмыс: Заттың атын білдіретін сөздер. Тасымал. Сөйлем құрау.
Кім? Апа, аға, оқушы,
Не? Парта, оқулық
Заттың атын, қимылын білдіретін сөздер: Ереже.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
IV. Жаңа сабақ. 249 - жаттығу.»Ара адамды неге шағады?»мәтінін оқу, түсіндіру.
Рөлге бөліп оқыту. Мәтін бойынша сұраққа жауап беру.
VІ. Бекіту
Жаттығулар орындау. 250 - жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.
Сәуле гүлге су құйды. Ол гүлді баптады. Жаңбыр толассыз жауды.
251 - жаттығу. Суреттегі гүл аттарын тауып жазу.
V. Топпен жұмыс. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою
Балалар ойнады. Жаңбыр жауды. Жапырақтар сарғайды. Әсел оқыды.
VII. Шығармашылық жұмыс. Бес жолды өлең құрастыру.
Оқушы шығармашылығы
Ара
Балды жақсы көресің
Балыңнан да бересің
Кейде жөніңе де жүрмей
Адамға да төнесің
Ашуың не адамға? (Қуанышқали Илияс)
VIII. Өз бетімен жұмыс. Парақшаларда жазылған тапсырмалар бойынша орындау.
IX. Қорытынды. Тест жұмысы
1. Жадыра далаға шықты.
А. шықты
Ә. далаға
Б. Жадыра
2. Ара
А. ызыңдайды
Ә. ырылдайды.
Б. шағады.
3. Сабақ ерте басталды.
А. ерте
Ә. сабақ
Б. ерте
4. Тиісті жалғауды қой. Құс... ұшып келді.
А. тар
Ә. дар
Б. лар
5. Атам бақшада серуендеді.
А. кім?
Ә. не?
Б. кімдер?
6. Қайтеді? сұрағына жауап беретін сөзді тап. Шошқа.......
А. қорсылдайды
Ә. бақырады
Б. айқайлайды
X. Үйге тапсырма: «Ара адамды неге шағады?» мазмұндау.
Тест дайындау.
Мадақтау.
Бағалау
Не қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөздер. Ара адамды неге шағады?
- bibka
- 27 қыркүйек 2015
- 10806
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілінен сабақ жоспары, бастауыш сынып, ара адамды неге шағады
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....Зат есім
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады....1 сынып. Сауат ашу. Тест
1 сынып. Сауат ашу. Тест №1 (Мамыр 2014) 1) Жуан сөзді белгіле. А) Орман Ә) Кейіпкер Б) Кітап 2) Жіңішке сөзді белгіле. А) Машина Ә) Көбелек Б)...Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Қысқа мерзімді жоспар (Блум таксономиясы бойынша құрылған) Ана тілі (1 - сынып) Тақырыбы:Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.у....Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.