Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғаттағы су айналымы

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы
Мақсаты: Оқушыларға су, табиғаттағы су айналымы, оның адам өміріндегі маңызы мен қасиеттері туралы түсінік беру. Ой - өрісін есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру
Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (сыныпты 3топқа бөлу )
1 - топ «Құрлық», 2 - топ «Мұхит», 3 - топ «Жауын - шашын»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?( тақтаға жаздыру)
Тұз, фосфорит, асбест, әктас, бор, гранит, мәрмәр, ұлутас, саз, құм.
- Ас тұзы қайда қолданылады?
- Оны ерітетін не?
- Су

ІІІ. Жаңа сабақ
а) 1 - топ «Құрлық» 2 - топ
Судың қандай қасиеттері бар? Суды не үшін пайдаланамыз?
3 – топ «Жауын - шашын»
«Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесің?
Су – ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Табиғаттағы су 3 түрлі күйде кездеседі.
ә) Су – тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесі 50 – ден 90 пайызына дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам хәлі нашарлайды. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.( сурет көрсету, судағы улы заттар, суды тазарту тәсілдері )
б) Сергіту сәті Қимылмен су ағысын көрсету, бейнелеу

IV. Бекіту
а) Оқулықпен жұмыс
Әр топтан 1 оқушыға оқыту
Тізбектей оқыту
ә) Сұраққа жауап
1 - топ Судың құрлыққа қандай пайдасы бар?
2 - топ Неге шипалы су шығатын жерлерде сауықтыру орындары салынады?
3 – топ Бұлттың пайда болуы және түрлері жөнінде не білесің?
б) Дәптермен жұмыс
1 - топ Су туралы мақал - мәтел жазу
2 - топ Су туралы өлең шығару
3 - топ Су туралы жұмбақ жазу

Қорытынды
- Су туралы не жаңалық білдіңдер?
- Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде қандай қажеттілік туды?
- Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма
«Табиғаттағы су айналымы» деген әңгіме құрастыр
VI. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×