Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы,
Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Б. Ысқақов «Отан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Отан» өлеңімен таныстыра отырып, «Тәуелсіздік күні» туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелігі: Отанын сүюге, өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері. «Сиқырлы таяқша»
Топқа бөлу.
І топ - Астана қаласынан келген қонақтар.
ІІ топ - Алматы қаласынан келген қонақтар.
ІІІ топ – Атырау қаласынан келген қонақтар.
- Балалар біз қандай оқулықты аяқтап жатырмыз? (Әліппе)
- Сендер әріптердің бәрімен таныс болдыңдар. Ендеше өткен сабағымызды қайталап, «Ойлан тап?» ойынын ойнайық. Әр топқа сұрақтар қоямын, тез ойланып жауап беріңіздер.
Ойын «Ойлан тап?»
І топ - Дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІІ топ - Дауысты дыбыстарды атаңдар?
ІІІ топ - Дауыссыз дыбыстарды атаңдар?
Ойын «Кім тапқыр?»
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.
- Дұрыс айтасыңдар. Яғни, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз, біздің еліміз қалай аталады?
- Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл болады? Айтулы күніміз де жақындап қалды.
- Тәуелсіздік күнін қашан, қай айда тойлаймыз?
- Біздің еліміздің президенті кім?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Мәриям Хакімжанова “Отан”
Сұрақ - жауап.
- Отан дегеніміз не екен?
- Отан дегеніміз – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз. Отан бізге қуат, нәр береді екен. Нәрді біз қайдан аламыз? Жерден аламыз.
Нәр татпады, нәр ішпеді деген тіркес бар. Бұл жерде «нәр» деген сөз - тамақ, ас, қорек дегенді білдіреді.
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Астана қаласында қандай ғимараттар бар?
- Бәйтерек.
Бәйтерек Отанымыздың символы. Олай болса мәуелі Бәйтерекке ақын апамыз жырлағандай «Отан» дегеніміз не екен қане топтастырайық.
Отан – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымызда Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңімен танысамыз. Отанына жыр арнамаған, өлең жазбаған ақын жоқ. Суретші суретпен жеткізсе, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізеді. Ендеше өткен сабағымызда, бүгінгі сабағымызда ақын апамыз бен ағамыз «Отан» туралы жырлаған екен. Мәриям Хакімжанова Отанды жерімен, суы арқылы нәр алатындығы туралы айтса, Бүркіт Ысқақов Өлеңді қалай суреттеген екен. Қазір мен сіздерге өлеңді оқып беремін. Барлығымыз тыңдайық.
Балалар өлеңнің әр бөлігін шумақ дейміз. Шумақ - өлеңнің әр тақтасы аяқталған синтаксистік ой. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз.
Өлеңді талдау.
1 - шумақта Отан деген ұғымға алдымен отбасың, ата - анаң, дос, бауырың, туған жерің, тұратын мекенің кіреді.
2 - шумақта Отан деген ұғымға – қазақ халқы, өлеңі, жыры, өткен тарихы кіреді екен.
Ал 3 - шумақта осының бәрін, Отанды сүюге шақырады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді әр топқа оқыту.
Ү. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс: талдау жасау.
Қуат - күш, әл.
Нәр – қорек, ас
Ұран – үндеу, шақыру.
Өлке – аудан, ауыл.
Сергіту сәті:
Туған жер – қамқор анамыз,
Біз болашақ панамыз.
Шаттық берген өмірде,
Шамшырақтай жанамыз.
«Жалғасын тап»
Балалар мен сендерге «Отан» деген сөзі жазылған парақшалар берем, сендер әрі қарай» Отан» дегенді қалай түсіндіңдер соны жазып толықтыруларың керек.
ҮІ. Қорытынды.
Сонымен балалар бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныс болдыңдар?
Бүркіт Ысқақов өлеңді қалай сипаттаған екен сол бойынша топтастыру жұмысын жасайық.
Отан - өлең, ата – ана, ауыл, ел, аудан
Бағалау:
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, түсініп оқу.
Бүркіт Ысқақов «Отан»
- bibka
- 24 тамыз 2015
- 6480
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бүркіт Ысқақов отан туралы өлеңі, ашық сабақ бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы өлең
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем....Отан. Жақан Смақов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна...Қазақстан Республикам - менің
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:...Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Отан
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есетова Сұлу Рахиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.