Сайтқа кіру Тіркелу

Біріккен сөздер

бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі Актоты Исмагулова

Мақсаты: 1. Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру. Біріккен сөздердің екі түбірден бірігуі арқылы тұтас бір ұғым беруі, бір сұраққа жауап беретіндігі туралы ұғындыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Сауаттылыққа, көркем жазуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ: Ертеде Айна өмір сүріпті. Бірақ оның өмірі көңілсіз өтіп, жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатса, оның алдынан жайқалған әдемі гүл шығады.
Гүл: Айна, сен неге сонша көңілсізсің?
Айна: Жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайық дос іздеп келемін.
Гүл: Мені елдің бәрі көркем, әдемі дейді. Бірақ өзімнің әдемілігімді ешқашан көрген емеспін, көргім келеді, менімен дос болшы.
Айна: Алақай, мен өзіме лайық дос таптым.
Содан бері Айна мен Гүл дос болыпты. Екеуіне қарап қазақша Айнагүл есімді қыз баланың атын қоя бастапты.
/тақтаға бір оқушы шығып, Айнагүл деген сөзді сөз құрамына талдау/

Мұғалім: неше түбірден жасалған? Қандай ұғымды /нені/ білдіріп тұр?
Сонда екі түбір сөзді біріктіріп бір ұғымды білдіретін сөз жасауға болады.
Олар қалай жазылады? Олар қандай сөздер. Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай болып еді. Сонда қандай ереже шығады. Ережені оқыту.
Ой шақыру
- балалар, суреттен нелерді көріп тұрмыз және оларды қалай жазу керек деп ойлайсыңдар?
- неше түбірден құралған?
/ Аққу т. б суреттер беріледі./
Гүл + жан, Гүл + жайна,
Гүл + бақыт, гүл + десте
Күн + сұлу, күн + бағыс, күн +тізбе.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылады?

Бірінші әншілерге саяхатқа барамыз. Олардың сендерге әкелген хатында мынадай тапсырма. /1 - жаттығу ауызша/ Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған.(сұрақ қою.)
Екінші қоянға саяхатқа барамыз. 2 - жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз. І - қатар: кісі аттары, ІІ - қатар: аң, құс аттары, ІІІ - қатар: ойын атаулары, ІҮ - қатар дене мүшелерін жазады.
Рауан, Назгүл: Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тап.
Үлгі: Қосқұдық, торғай, Ақтеңіз, көкжиек, бүркіт, Айдос, аққу, Біржан.
/Қалған оқушыларға/ Қосымша тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×