Сайтқа кіру Тіркелу

Өрмекшітәрізділер

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы,
Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы
жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бижанова Гулбакит Тажихановна

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділер
Мақсаты: а. Жануарлардың ерекше тобы өрмекшітәрізділер туралы түсінік қалыптастыру. Табиғат ортасынан көрген, білген, бақылаған білімдерін толықтыру.
ә. Жануарлардың түрлерін айыра білуге серуендеген кезде қауіпті бүйеден, кенеден сақтануға үйрету.
Б. Оқушылардың шығармашылық, ойлау, зерттей білу қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
1. Өмірден алған білімдерін даралап өз ойларын жеткізе білу.
Өрмекшітәрізділердің түрлері туралы білім қалыптастыру.
2. Қауіпті бүйе, кенеден сақтану жолдарын үйренеді.
3. Оқушылар шығармашылық қабілеті, өзіндік пікірі қалыптасып, ойын еркін жеткізіп, зерттей біледі.
Не арқылы бағаланады?
1. Ой - қозғау
2. Джиксо стратегиясы арқылы топтастыру
3. Бес жолды өлең, Т - кестесі, топтастыру
Көрнекіліктер: Слайд, плакаттар
Сабақ барысы:

І. 1. Психологиялық сәт. Қадыр Мырзалиевтің «Не үшін?»өлеңі.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін?
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін!
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін!
- Жүрек деген не үшін керек?
- Жауларымнан қыңбау үшін!
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін!
- Жақсы, балалар, отырыңыздар. Бұл өлең кімнің өлеңі?
Балалардың жауабы.
Дене мүшелеріңізге денсаулық берсін! Әрқашан да ақын ағаларымыздың ақыл - кеңесін есте ұстаңдар.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Жануарлар әлемінің сан алуандығы»
Ойын: «Тордағы жәндіктер»
Ойынның шарты: Сұрақтардың дұрыс жауабын таңдау арқылы тордағы жәндікті босатамыз.
1. Бұл жануарлардың денесі бастан, кеудеден, құрсақтан және алты аяқтан тұрады.
А. Құрттар Ә.. өрмекшілер б. Жәндіктер
2. Топтасып тіршілік етеді.
А. Шіркейлер
Ә. Масалар
Б. Аралар
3. Барлық зиянды жәндіктерді құртқан дұрыс па?
а) Иә, өйткені зиянды
ә) Жоқ, өйткені ___(көптеген жануарларға қорек)
б) Білмеймін
4. Былқылдақ денеге жатады...
А. Ұлу Ә. Өрмекші Б. Қоңыз
5. Баласын сүтпен қоректендіретін жануар?
А. Қосмекенділер Ә. Сүтқоректілер Б. Жәндіктер

6. Жорғалаушылар…
А. Жүгіреді Ә. Жүзеді Б. Жорғалайды
7. Қосмекенділердің тобына қай жануар жатады?
А. Жылан Ә. Бақа Б. Балық
8. Кесірткеге өз өмірін сақтауға қай дене мүшесі көмектеседі?
А. Құйрығы Ә. аяқтары Б. қулығы
Үй тапсырмасын бір оқушы әңгімелеу.
3. Қызығушылығын ояту.
- Жаңа сабағымызды ертегіден бастаймыз. Суретке қарап ертегі құрастыру

- Балалар ертегі нелер жайлы?
- балалардың жауабы.
- Қалай ойлайсыздар ертегіде ең қорқынышты, жыртқыш, қауіпті не?
- Балалардың жауабы
- Өрмекшінің басқа жәндіктерден қандай айырмашылығы бар?
- Балалардың жауабы. Тор құрады, жыртқыш сегіз аяғы бар, жәндік емес, улы, сорғыш

ІІ. Мағынаны тану. Топтастыру.
- Олай болса, балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Өрмекшітәрізділер»
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық. Өрмекшітәрізділер тақырыбын жазып, оқулықтан мәтінді тауып алайық.
Оқулықпен жұмыс. Джигсо стратегиясы

Оқыған білімін ортаға салу. Сұрақ - жауаптар. Сыныптан тыс ақпарат әкелу.
- Өрмекшілер қандай пайда келтіреді?
- Олар өз жемін қалай аулайды?
- Қарақұрттың түрі қандай?
- Егер қарақұрт шақса не істеу керек?
- Қарақұрт туралы оқулықтан тыс ақпарат әкелгендерін бар ма?
- Табиғатта, үй маңында бүйе кездестіріп көрдіңдер ме? Қандай әсер алдыңдар?
- Тағы өрмекшітәрізділер туралы не білгілерің келеді? Сұрақтарын бар ма?
- Өрмекші торды тоқу үшін жіпті қайдан алады?
- Өрмекшілер қалай көбейеді?
- Кене туралы не білесіңдер?
- Осы кененің қандай зияны бар?
- Кенеден қандай сақтану жолдары бар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×