Сайтқа кіру Тіркелу

Әбілмансұр

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
«№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна

Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Әбілмансұр
Мақсаты мен міндеттер:
1. Білімділік: түсініп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, берілген әңгіменің тәрбиелік мәнін ашу.
2. Дамытушылық: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорларын молайту.
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, шеберлікке баули отырып, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: суреттер
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ - жауап, ой қозғау т. б. Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
- М. Әуезов – Семей өңірінде дүниеге келген. Өте дарынды жазушы болған, «Шебер жазушы» деген марапатқа ие болған М. Әуезов ұлы адамдардың өмірін зерттеп, біршама мақалалар жазған. Кейіннен ол туындылары кітап болып, күні бүгінге дейін ұрпақтарына үлгі болып келеді. Біз бүгін Абылай ханның жас кезі туралы жазған әңгімесін өтеміз
- Абылай хан туралы не білесіңдер?
Мәтінді оқи отырып, түсіндіру
Талдау жұмыстары:
- Абылай кімнің түйесін бағыпты?
- Төле бидің Абылайға қойған аты кім екен?
- Абылайдың болашақта ел билейтіні туралы кім болжады? Қалай болжады?
- Абылайдың әуелгі аты кім еді?
- Ол неге «Абылай хан» деп аталған?
Кітаппен жұмыс:
Іштей оқыту → тізбектеп оқыту → бөліп оқыту
Дәптермен жұмыс:
Пробл. ситуация: « Егер мен де ел билеген хан болсам...»
Жазған жұмыстарын оқытып, мадақтау
Сергіту сәті:
3. Жаңа білімді бекіту:
а) Интеллектуалды ойын ұйымдастыру:
Көкпар (сұрақ - жауап) Бәйге (Ұйқасын тап) Мәре (Жұмбақтар)
ә) Мәтінмен жұмыс: тауып оқыту
- Сонымен бүгін қандай бала туралы білдік?
- «Абылай» деген кім екен? Ол неге Абылай аталды??
- Абылайға соғыста бата берген қай батыр екен?
- - Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
б) Бейнесөз шешу: (Абылай)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×