Сайтқа кіру Тіркелу

Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Шолаққарғалы негізгі орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі Суйенбайқызы Гүлнұр
Ана тілі 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінік алады. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік алады.
ә) Оқу жылдамдықтары артады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды.
б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекі - құралдар: Мазмұнды сурет, сөзтізбек, тірек сызбалар, төрт түліктің пірлері, төрт түліктің суреті.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Көңіл ашар» жаттығуы.
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн!
Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер!
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз!
Қарады саған да. Сәлеметпіз біз.

Ой қозғау. Көрнекілікпен жұмыс
3) Сөздерге дыбыстық талдау жаса
Сыныпты топқа бөлу.
Түрлі - түсті қағазбен топтастыру.(қызыл, көк, жасыл)
1 - топ - «Дауыстылар», 2 - топ - «Дауыссыздар», 3 - топ -«Төрт түлік».

ІІ. Мағынаны ажырату.
Ой шақыру. Асосациялық аймақ құру.

Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз.
Төрт түлік

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі

«Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.
Көрнекілікпен жұмыс
Мал аталарымен таныстырамын. (17 - жаттығу)

Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі – Сексеката,
Түйе атасы – Ойсылқара,
Иесі – Зеңгібаба.
Дәптермен жұмыс. (17 - жаттығу.)
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды.

Сергіту сәті.

18 - жаттығу. «Құлыншағым» өлеңін оқушыларға оқыту.
Топпен жұмыс.
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды.
Құлыншағым – құндызым
Құлдырайды, шабады.
Оқулықпен жұмыс.
«Төлді қалай шақырады?» Әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Әңгіме жүргізу. Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.

ІІІ. Ой толғаныс.
Кубизм әдісімен.
1. Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5. Ботаны қалай шақырады?
6. Төрт түліктің иелерін ата.

2) Логикалық тапсырма (сурет көрсетіледі)
Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Бағалау. Топпен жасаған жұмыстарына, жауаптарына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма
19 - жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау.«Төлді қалай шақырады?» мәнерлеп оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×