Тақырыбы: Ж. Молдағалиевтің «Ар - ұят туралы» өлеңі
Сабақ мақсаты:
а) Ж. Молдағалиевтің өмірінен қызықты, тағылымды мәлімет бере отырып, өлең идеясымен таныстыру, ақын мұратын ұғындыру, әдебиет теориясынан білімдерін кеңейту;
ә) «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет»сезімін жетілдіру, баба өсиеті, ерлік рухынан тағылымды тәрбие беру, ұлттық болмысты насихаттау, поэзияны сүюге, шешен сөйлеуге баулу;
б) шумақ бойынша тұжырым жасай білуге, ойларын дәлелдеуге және көркем сөйлеуге машықтандыру, түсіну – түйсіну дағдыларын дамыту.
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Сабақ әдістері: мәнерлеп оқу, проблемалық жағдаят туғызу, оны шешу, ойтолғау…
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.(Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, психологиялық жағдаят туғызу…).
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Оқушылар сәлемі: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
I. Үй жұмысын «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеру
Оқушылар дайындап келген сұрақтарын «ыстық орындықтағы» оқушыға қояды. Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша бір оқушы отырады. Сынып оқушылары осы балаға тапсырма бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сол сұрақтарға жауап беру керек. Оқушыға баға қойылады. Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. Мысалы мұғалім мынадай сұрақтар қояды: «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер нашар жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өзін сынып алдында жақсы ұстай білді ме?» Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады. Осылайша оқушылар бір - бірінің жұмысын бағалайды. «Ыстық орындыққа» 2 - 3 оқушыны шығаруға болады.
ІІ. Қызығушылықты ояту
А) «Мен қазақпын» өлеңі оқылып, қазақ халқының тарихынан сыр шертетін деректер көрсетіледі.
Ә) Ж. Молдағалиев өмірінен мәлімет беріліп, слайдтық шолу жасалады. 2мин
Миға шабуыл: Суреттер бойынша сабақ тақырыбын ашу.
Әр топ берілген суреттер бойынша шағын әңгімелер құрастырып айтады. Осындай әдепті адамдардың бойында қандай қасиеттер болады? Ар - ұят, намыс. Т. б.
Ендеше бүгінгі оқитын тақырыбымыз: Ар - ұят туралы» өлең.
Ой шақыру
Б) Тақырыптық өлеңді оқымас бұрын проблема қойылады.
1 - топ - Балалар, «ұят», «ождан», «ар», «намыс» деген сөздерді қалай түсінуге, елестетуге болады?
2 – топ Өз бастарыңнан қатты ұялған кезең өтті ме, қандай сезім бойларыңды билейді?
(… денеңді діріл билеп, жүрегің қатты соғып, бет – құлағың күреңіте қызарып, өртеніп жанып бара жатқандай…)
- 3 - топ Ұялу, ұяла білу жақсы қасиет пе, жаман қасиет пе?
Мағынаны тану
- Ал енді Жұбан атамыздың ұят туралы айтқан ойларын оқып, талдау жасайық
1. Өлеңді мұғалімнің дауыстап оқуы
2. Оқушылардың оқуы «Түртіп алу»
3. «Екі жақты күнделік» стратегиясы бойынша оқу
4. «Топпен сұрақ қою» стратегиясы
Әр топ бір сұрақ дайындап тастап кетеді. Келесі топ келіп сол сұраққа жауап жазады. Содан кейін оқып, ойын дәлелдейді. 5 мин
5. Сергіту сәті Әуен естіліп тұрады.
6. Жағдаяттарды талдау
1. Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым - қатынас жасағысы келмейді. Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сен не істер едің?
2. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? Оған кеңес беріңдерші
3. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Балалар ақыл - кеңес береді.
7. Абайдың қара сөзі
Абайдың 36 - қара сөзі
Қара сөз ұят туралы. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.
«Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар», - дейді.
«Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар – ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тәрбиелік мәні зор.
Мұғалім: Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Абай атамыздың ғибратты сөздері естеріңде болсын! Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білетін әдепті де әдемі бала болатындарыңа сенеміз!
Ой толғаныс:
1 - топ: Венн диаграммасына адам бойындағы жақсы, жаман әдеттерді салыстырып диаграммаға түсіреді.
2 - топ «Топтастыру» Әрбір адамның парызы
3 - топ: Ар - ұят туралы 5 жолды өлең жазу.
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Өсиет әңгіме
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен
Осы көріністен қандай ой түйдіңдер?
Әдепті адамның бойынша қандай қасиеттер болады екен?
Әңгімедегі түйінді ой қандай? /Үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету.
Тілек ағашы
Балалар, мынау Тілек - алма ағашы. Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды, тілектеріңді жазып, алмаларды ілсеңдер алмалар жақсылап өседі.
«Тілек ағашы»
Әр оқушы алдарындағы алмаларға тілек жазып, тақтаға жапсырады..
Тек ізгілік тұрсын ойға ұялап,
Қайта соғар біреуге еткен қиянат.
Болғың келсе елге сыйлы бір ұлан,
Ұстаз сыйлап, өнеге үйрен, білім ал
Ел - жұртыңның ойла қамын, бірлігін.
Бар байлықты табасың тек еңбектен,
Қор болмайды іспен маңдай терлеткен.
Жұрт қызықсын сенің әрбір ісіңе,
Үлкенге сый, көрсет ізет кішіге.
Бағалау парағымен оқушыларды бағалау 2 мин
Үй тапсырмасын беру. Өлеңді мәнерлеп оқу. 1 мин
2. «Мен әдепті баламын» тақырыбына эссе жазу
Мұғалім: сабақты мынадай сөздермен аяқтаймын:
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін - бірі
Құрметтеп сыйлау кере
Ар - ұятты сақтау қажет.
Облыстық семинар
- aiary19
- 22 сәуір 2015
- 3173
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен қазақпын өлеңі, Жұбан Молдағалиев, семинар
Ұқсас жаңалықтар:
Қара сөздер. Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да...Әдепті бала-арлы бала
№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Әдептілік - әдемілік
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік...Адамгершілік –асыл қасиет
Мақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;...Әдептілік - тәрбие бастауы
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Әдептілік - тәрбие...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.