Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әр бір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық әс - әрекетке қабілетті еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптардан бастап баланы шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекетке дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету қажет.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл істі нәтижелі етуде дамыта оқыту жүйесінің қағидалары тірек етіледі
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді:
1) репродуктивті - іс - әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі;
2) шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс - әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:
- шығармашылықтағы қарама - қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, соңылығы.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керекті саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі - өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
1) - у - у - у, 2) - е - е - е,
Тәртіпті болу. Барамыз мектепке.
3) - да - да - да, 4) - ға - ға - ға,
Қызықты оқуда. Қызықты кітап оқуға.
5) Мектепке барамыз, 6) Мен бақытты баламын,
Білім аламыз. Өйткені Қазақстанда тұрамын.
7) Біз көңілді баламыз, 8) Екінші сыныпта оқимыз,
Мектепке барамыз. Бір - бірімізбен татумыз.
Көп кітап оқып, Мұғалімді сыйлаймыз,
Білімді боламыз. Бес пен төртке оқимыз.
Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түсті. Енді мұғалім болашақ өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы: «Біз көңілді баламыз», қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құралады. Осылай өлең шумағы дүниеге келеді.
Әрине, жұмыс нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Оқушылар өз өлеңдерін белгілі бір тақырыптар бойынша кішкене кітапша түрінде шығарып отыруға болады.
Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял - ғажайыптары да бар, әңгімелер жазуды тапсыратын болдық. Мысалы мынадай тақырыптар: «Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Мен қалай құмырсқа болдым», «Қасық болған күнім», солай - ақ өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді.
Балаларға өзін тапқырлыққа, білгірлікке, қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды. Осы мақсатта оқушылардың шығармашылығын дамытуда 10 түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады:
• Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
• Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмаларды шешу(анаграмма, сөзжұмбақ, бейнесөз, құрастырмалы ойындар)
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар.
• Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою.
• Қиялдау арқылы рөлге бөлу арқылы оқыту.
• Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру
• Өлең шумақтарын құру.
• Өз ойларын еркін жазу.
• Ситуациялық сұрақтар қою.
• Тақырыпты жан - жақты қарау, сұрақ - жауап әдісімен талдау.
Осындай бағыттағы тапсырмалар оқушының ой шапшаңдығын дамытып, сөз байлығын молайтады, қиялдарын дамытады.
Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру
- mmm
- 20 сәуір 2015
- 2879
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдістемелік баяндама, баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға қалыптастыру
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабіле ...
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге...Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Есмурзаева Лазда Адсадыковна...Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Мақсаты: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай...Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкул Мұхтарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.