Сайтқа кіру Тіркелу

Өтілген материалдарды пысықтау

Математика 3 сынып
Тақырыбы: Өтілген материалдарды пысықтау
Мақсаты: Өткен материалдарды пысықтай отырып, оқушылардың есіне сақтау үшін есептер шығаруға дағдыландыру, топта жұмыс істеуді жандандыру.
Әдіс - тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, АКТ, топтық жұмыс, формативтік бағалау
Көрнекілер: АКТ, үлестірмелі қағаздар, тест
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? Үйрен, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, бірлік, адалдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адамдық
IIІ. Білімді тексеру:
Балалар, бүгінгі сабағымызда өткен тақырып бойынша білімімізді ортаға салайық. Өйткені бүгін өз білімімізбен ертегі кейіпкерлеріне көмектесеміз
Миға шабуыл
Үзінді мультфильм. (Слайд 1)
Келесі тапсырмаларды орындап, кішкентай баланың бет алған жағына жетуге көмектесейік
Сен білесің бе?
1. Математикалық сұрақтар (Слайд 3 - 5)
І топ
1. Кез келген санды бірге көбейткенде қандай сан шығады?
2. Санды сол санның өзіне бөлсе неше шығады?
3. Нөлді санға бөлгенде неше шығады?
4. 5 кг мақта ауыр ма, 5 кг темір ауыр ма?
ІІ топ
1. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз?
2. Қабырғасы 6 см шаршының Р тап 6х6=36
3. Ұзындығы 4см, ені 8см тіктөртбұрыштың ауданын S тап
S=4х8= 32см2
4. Арифметикалық амалдарды ата
ІІІ топ
1. Қосудың заңдарын ата.
2. Көбейтудің заңдарын ата.
3. 2 - ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
ІҮ топ.
1. Аудан деген не?
2. Ұзындығы 5см, ені 9см тіктөртбұрыштың ауданын S тап
3. Қос ат жегілген арба 60 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
4. Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? /11 сағат

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×