Сайтқа кіру Тіркелу

Айтшы, әжетай

Тақырыбы: Айтшы, әжетай
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді дұрыс түсініп, саналы түрде оқулары арқылы әр түрлі мамандық, кәсіп туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, еркін сөйлеуге, қортынды жасай білуге, топтық жұмыстар арқылы ізденушілік қабілеттерінің артуына ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Мамандық таңдауға бағыттау, кәсіптік бағдар беру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: і интерактивті тақта. слайд, сызбалар, мамандыққа арналған суреттер.
Сабақтың: түрі аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері сұрақ – жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, ойын.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
- Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ саналы да білімді, жан - жақты дамыған азамат болуы керек. Ендеше, бүгінгі сабақта өз білімімізді көрсете білейік. Сабақ сайыс түрінде. II топ өз білімдерін көрсетеді.
II Үй тапсырмасын тексеру. «Алғырлар»,«Тапқырлар»
Мысық пен тышқандар.( Ертегісін сахналап көрсету)
- Ертегі не жайлы?
- Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едіңдер?
- Мысықтардың ісіне қандай баға берер едіңдер?
- Өмірде осындай жағдайлар болып жата ма?
-«Бәрі таппағын ақылды, кәрі табады» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Олай болса өткен сабақта өткен «Ата ақылы» өлеңін еске түсірейікші.
III. Жаңа сабақ.
Жақан Смақановтың өлеңі «Айтшы, әжетай»
1. Кіріспе.- Балалар, сендердің әжелерің барма?
2. Нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.
Ата – асқар тау, Ана - бұлақ. Бала - жағасындағы құрақ.
- Осы нақыл сөзден не түсінесіңдер?
- Қандай сурет салар едіңдер?
Ж. Смақов өмірімен таныстыру.
1932 ж қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы, Ынталы деген жерде дүниеге келген. Ақын, жазушы.«Жастық сыры»,«Тамшы», «Менің бөпем»,«Сәбилерге сәлемдеме» деген шығармалары бар. Ақын197 ж қайтыс болған. Өзі оқыған «Ынталы» орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.
IV. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
2. Шығармада қандай мамандықтар туралы айтылған?(суреттерін көрсету, әр мамандықты суреттеп айту)
3. Өлеңдегі туыстықты білдіретін сөздерді тауып айту(ата, апа, ағатай, нағашы, жезде, жеңге, жиен, аға.) өздерінен сұрау түсінік беру.
4. Сөздік жұмыс.
V. Тізбектей мәнерлей оқу.
VI. Сергіту сәті. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Өлеңге сүйеніп, әр мамандық иесін табу.
VII. Дәптермен жұмыс( Әке жағынан, ана жағынан туыс.)

VII. Қортынды «Өскенде кім болғым келеді?» эссе.
Бағалау
Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×