Сайтқа кіру Тіркелу

Құстар. Үй құстары

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын,
қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,
табиғатты сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: жобалау технологиясы, сұрақ - жауап, көрнекілік, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, құстар дауысы, суреттер, ойындар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
III. Жаңа сабақ.
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде жерге сән беріп, құлпырып өсетін қандай гүлді білетін едіңдер?
- Жауқазын.
- Олай болса, көктемнің сәні жауқазын гүлінің өздеріңе ұнаған түсінен бір - бірден таңдап алайық. Гүлді көп жұлуға болмайды. Сондықтан бір - бірден алып, өз
орнымызға жайғасайық.
IV. Топқа бөлу.
I топ - ақ жауқазын
II топ - сары жауқазын
III топ - қызыл жауқазын
- Ал, балалар, орнымызға жайғасайық. Алдымызда сурет қиындысы бар, әр топ сурет қиындысын құрастырып, не шыққанын қарайық.
- Қане, ненің суреті шықты?
I топ. Тауық.
II топ. Бүркіт.
II топ. Түйеқұс.
- Қане, балалар, біздің өтетін тақырыбымыз не болмақ?
- Құстар
- Өте жақсы.

V. Құстар. Үй құстары.
I топ. Тауық туралы өз білгенімізді ортаға салайық.
II топ. Бүркіт туралы.
III топ. Түйеқұс туралы.
Балалардың пікірін тыңдап, топтарға ат қою.
I топ. Үй құстары.
II топ. Жабайы жануарлар.
III топ. Ұша алмайтын құстар.

VI. Жұмбақ шешу.
1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз.)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш.)
4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қаладай. (үйрек.)

VI. Жабайы құстар.
Жабайы құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз Қазақстанда 480 - ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы. Соның ішінде ең үлкен құс - түйеқұс болса, ең кіші құс - колибри құсы екен. Түйеқұстың салмағы 100 - 150кг, бойы - 2, 5 - 3м. Африка, Австралияда кездеседі. Колибри 15 - 20г, бойы - 5, 5см. Ол Оңтүстік Америкада кездеседі.
Алайда құстар табиғатымызға көрік беріп қоймай, әсем әуенімен де сымбатты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құстар. 1-сынып

Құстар. 1-сынып

Сабақ негізделген мақсаты: • Құстар туралы түсінік беру • Құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету. • Құстар пайдасы туралы ақпарат, мағлұмат беру....
Құстардың көктемгі тіршілігі

Құстардың көктемгі тіршілігі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы № 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дусенбаева Рауза Ареновна...
Жыл құстары

Жыл құстары

Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелейді: Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына...
Құстар – біздің досымыз

Құстар – біздің досымыз

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Құстар

Құстар

Жабайы құстар – табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Дуадақ, тырна, аққу, құр, бүркіт. Үй құстары, олардың күтімі. Құстардың қоректенуі. «Қызыл кітап»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×