Сабақтың тақырыбы: Жақсылардың жақсысы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру; оларды саналы, түсініп, дұрыс оқуға машықтандыру; ертегідегі негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Көркем сөздерді меңгеру, жаңа сөздерге мағыналас сөздер табу арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру;
шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету; пікірталас арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өмірдегі керекті жақсы заттарды тани білуге, оларды өмірде қолдана білуге; ертегі мазмұнына сай дүние мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылатынын, ол үшін жақсы оқу керектігін түсіндіру, үлкеннің тілін алып, оларды сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, рөлге бөліп оқу,
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: ұршық, иірілген жіп, өрмек,, қойдың жүні, кілемше суреттері
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты бекіту
а) Өлеңді тізбектей оқу.
Сұрақтар қою арқылы білімдерін бекіту:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Бір сөзбен бәрін қалай айтамыз?
- Әуе жолымен жүретін көліктерді ата
- Жермен, жер астымен, су көліктері, темір жолмен жүретін көліктерді ата
- Ертеде адамдар көлік болмағанда қандай көлікті пайдаланған?
- Поезд өзінің жүйріктігін нелерден артық санайды?
- Ұшақ өзі туралы не дейді?
- Автобус қай көліктен жүйрік?
Б) Өлеңді қара сөзбен баяндау
ІІІ. Не істер едің? Психологиялық жағдай
- Сен үйде жалғыз қалдың. Анаң жұмыста. Ол ұялы телефонын тастап кетті. Үйге алыстан асығыс қонақтар келіп қалды. Анаңа хабар беруің керек. Сен хабарды қалай тез жеткізер едің?
А) жаяу бару в) трактормен
Б) автобуспен г) (көлікті өзің таңда)
ІҮ. Пікірталас.
- Көліктің адамға, қоршаған ортаға қандай зияны тиіп жатыр?
- Егер сен ғалым болсаң, адамға да, қоршаған ортаға зияны тимейтін қандай машиналар ойлап табар едің?
Оқушылардың жауаптары:
- Батареямен және сумен, ауамен жүретін машина ойлап табар едім.
- Машинаның жылдамдығын шектеп қояр едім.
Ү. Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.
ҮІ. Жаңа сабақ «Жақсылардың жақсысы» (ертегі)
А) Сөзжұмбақ шешу. Шешуі: « кітап»
- Осы сөзжұмбақтың ішіндегі ең керегі не?
Б) Жаңа сабақтың мазмұнын баяндау
- Бүгін болгар жазушысы Р. Босилектің «Жақсылардың жақсысы» ертегісіндегі жақсылардың ең жақсысымен танысасыңдар.
Ол қандай заттар екен?
ҮІІ. Суретпен жұмыс
Ұршық, кітап, өрмек суреттерін көрсетіп, оларды өмірдегі пайдасы туралы айту. Осы сөздерге үш оқушы шығып дыбыстық талдау жасату.
ҮІІІ. Сөздік жұмысы
Мұра - ата - бабадан, әке – шешеден балаға қалған дүние мүлік.
Мүлік – дүние, жиһаз, бұйым.
ІХ. Оқулықпен жұмыс
1) Ертегіні оқып беру
2) Оқушыларға дауыстап оқыту
3) Рөлге бөліп оқыту
Х. «Жалғасын тап» мақал - мәтелді аяқта.
1. «Білімнің басы – бейнет, соңы -------------.»(зейнет)
2. «Оқығаныңды айтпа, ------------------ айт» (тоқығаныңды)
3. «Жердің сәні – егін,
Ердің сәні - -------------» (білім)
4. «Күш – білімде, білім -------------» (кітапта)
5. «Тіліңмен жүгірме, ----------------» (біліммен жүгір)
6. «Наданмен дос болғанша,
------------------------------» (кітаппен дос бол)
7. «Екпей егін шықпас,
----------------------- жұқпас» (үйренбей білім)
ХІ. Шығармашылық тапсырма.
1қатар – Кітап, білім туралы шағын мәтін құрастыр
2 қатар - Әкесі мен қыздың тұратын үйін сипатта немесе бөлменің суретін сал.
ХІІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
- Мәтін неліктен ертегіге жатады?
- Қыз әкесінен не туралы сұрады?
- Әкесі қандай жауап берді?
- Әкесі қызына қандай ақыл айтты?
ХІІІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу. «Жақсылардың жақсысы» тақырыбына әңгіме жазу
ХІҮ. Сабақты қорытындылау
ХҮ. Бағалау
Жақсылардың жақсысы
- Aruzhan
- 11 наурыз 2015
- 7045
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жаңа сабақ, ұршық, өрмек, кілемше, жақсылардың жақсысы
Ұқсас жаңалықтар:
Көліктер
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін...Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Білім, ілім, ғылым, оқу туралы мақал-мәтелдер
Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз. Білмесең үндеме, Білгенді күндеме....Оқу, білім туралы мақал мәтелдер
Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім. Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгіні....Еңбек - бәрін жеңбек
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.