Сайтқа кіру Тіркелу

Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, ержүрек, елін, жерін сүйетін, шыншыл, батыл болуға баулу.
Көрнекіліктер: Әлия Молдағұлыва, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов портреттері, жеңіс күніне арналған мазмұнды суреттер, бейне таспа, үнтаспа.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар:
Соғыс ардагерлерін қонаққа шақыру
Жүргізуші Қымбатты қонақтар, балалар!
Бүгінгі Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Амандық бірлік, ынтымақ болсын!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын,
Батырларымыздың ерлігі мәңгі есте қалсын!(Осы кезде баяу ән орындалып тұрады ) 1941 жылы 22 маусым күні соғыс басталды. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды.

Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын,
Сұрапыл бір соғысқа
деп соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Совет халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін ұрыс болды, қан ішер неміс басқыншыларымен еліміз аянбай шайқасты.

1 - Бала: Отан еркелеймін өзге кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыма қатер күні төнген күнде,

Ән: «Ұланы еркін елімнің» Сөзі мен әні Т. Қоңыратбаев
Жүргізуші: Фашистердің түп мақсаты Москваны басып алу еді. Москваны бүкіл ел қорғады.

2 - бала: Зұлым жаудың ниеті,
Москваны құлатпақ,
Қызыл алаң тасында,
Жын ойнағын ойнамақ..
Содан кейін осында,
Жеңіс тойын тойламақ.

3 - бала: Жеңілмейді Астана.
Берілуге болмайды!
Артымызда Москва,
Шегінуге болмайды.

Ән: «Катюша» ұлдар тобы.
Жүргізуші: Сол кезде біздің туған жерімізді, туған елімізді, Отанымызды жаудан қорғаған апа ағаларымыз бар. Олар мына портреттегі Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларың, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров т. б батыр аталарың. Қазақтың өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты. Әлия мен Мәншүк апаларымызды біз ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз.

4 - бала; Жаумен жалғыз алысты,
Түбінде Мәншүк Невельдің.
Бермеді қолдан намысты,
Жүректі қызы ер елдің.

5 - бала Жанымен сүйіп басты иген,
Ойында тұрды Отаны.
Боратып оқты «Максимнен»
Дұшпанын шөптей отады.

6 - бала Жыр етіп айтып атын біз.
Шынары дейміз жерінің.
Мәңгі есте қалды батыр қыз,
Мақтаны болып елінің.

7 - бала Жер мен көктің арасын,
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын,
Азат етіп, болды мерт
. Ол жеңісті көрген жоқ -
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың,.
8 - бала Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі.
Әлия аты бұл көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.

Жүргізуші: Қазақстандықтардан құралған генерал Панфилов атындағы 28 - гвардияшы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды.

9 - бала. Панфилов Қазақстаннан,
Қырандар тобын жасақтап,
Сонау бір қиын тұстарда,
Жиырма сегіз жігітке,
Өлмейтін ерлік жасатқан.

10 - бала. Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып.

Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз» Сөзі: И. Сапарбаев
Әні: Ж. Тезекбаев
Жүргізуші: Ал, енді соғыс ардагерлеріне сөз берейік.
Соғыс ардагерлері сөз алды.
Мұғалім:
Ал, енді балалар, сендерде осы аталарың, апаларың сияқты елімізді, жерімізді қорғайтын батыр болғыларың келе ме?
Батыр болыңдар! Батыр болу үшін ержүрек болу керек. Елін, жерін сүю керек. Жер бетінде бейбітшілік болсын! Міне бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» тақырыптық сабағымызды аяқтап, енді барлығымыз қосылып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсұтбай Индира
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлы даланың батыр қыздары

Ұлы даланың батыр қыздары

Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...
«Жеңіс күнімен, Ардагер!» тәрбие сағаты

«Жеңіс күнімен, Ардагер!» тәрбие сағаты

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...
Қос жұлдыз

Қос жұлдыз

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін...
Азамат боп мен ертең, Отаныма қызмет етемін!

Азамат боп мен ертең, Отаныма қызмет етемін!

От жалыннан таралған Отан біздің атамыз. Жауды жеңіп оралған Отанымызға ағамыз....
Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×