Сайтқа кіру Тіркелу

Күн - жарық пен жылудың көзі

Пәні: дүниетану
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Күн - жарық пен жылу көзі
Сабақтың мақсаты: Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру. Күн, күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру. Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен таныстыру.
2. Дүниетанымын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, сын тұрғысынан айту қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту.
Ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын стратегиялар: «Ой қозғау», «Үш қадамды сұхбат», «РАФТ», «Ассоциация», «Зерттеу»
Түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Көрнекілігі: Күн жүйесі салынған сурет сызба, электронды оқулық, тақырыпқа сай қосымша материалдар, глобус, Сұрақ - Жауап кітабы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
А) сабаққа әзірлік
В) назарларын сабаққа аудару;
С) Психологиялық дайындық
Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған.
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің, Сен - Ормансың,
Сен - Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
(орташа, жай темппен айту)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
« Ғарыш дегеніміз не?» мәтіні
«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы арқылы сұралады.
1 - сұрақ беруші, 2 - жауап беруші
ІІІ. Қызығушылығын ояту
Ой қозғау
«Ассоциация « құру
«Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер?
Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іліңдер. (1 мин.)
І. Мағынаны тану
Астрономия – ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. Астроном – астрономия маманы. Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.
Суретпен жұмыс
- Не байқадық?
Электронды оқулықтан жаңа тақырыпты тыңдату.
- Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал жылу мен жарықтың негізгі көзі - Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның Себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 000 км есе үлкен. Жердегі Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 млд. жыл. Оның бетіндегі температура +6000 с - ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге күн қуатының 2 млр.- тан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 мин. 19 сек. жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4 млр. жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде 1 клеткалы қарапайым организмдерден әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдік өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, күннен шығатын жарық пен жылусыз жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.
Мәтінмен жұмыс
1 - 2 оқушыға мәтінді оқытқызу.
Шығармашылық тапсырма:
«Зерттеу» стратегиясы
«Ғалымдар» тобына
1. Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде? 2. Бетіндегі қызуы қандай? «Астрологтар « тобына
1. Жер Күннен қанша қашықтықта? 2. Күннің жарығы мен жылуының Жер беті үшін маңызы қандай?
Мәтінді толықтыр.
Күн - Жерге жақын орналасқан (жұлдыз). Бұл жанып жатқан - орасан зор (ғарыштық дене). Күннің пішіні (шар) тәрізді. Күннің диаметрі Жердің диаметрінен (109) есе үлкен. Жер массасынан (330 мың) есе артық. Күн Жерден (150 миллион) км жуық қашықтықта орналасқан.
2)» РАФТ» стратегиясы
Р - роль, А - аудитория, Ф - форма, Т - тақырып
- Бүгінгі сабағымызда басты рөлде –«Күн Нұрлы Әлем» тақырыбына өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, жазушының тілімен, суретшінің көзімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан, сурет арқылы, өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы да білдіруге болады.(10 мин.)
Ой толғаныс
Электронды оқулықтан тест өткізу
- Сабағымызды қорыта келе, Күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін Сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын!
Оқушыларды бағалау
1. Топтағы қорытынды жауаптар
2. Жазба жұмыстар
Үйге тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқу.
2 Шығармашылық тапсырма: Мына мамандықтар иелері үшін Күннің маңызы туралы әңгімелеуге дайындық ( дәрігер, диқан, саяхатшы)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Адамның ғарышты зерттеуі. Ғарыш туралы түсінік

Мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен...
Жарық. Жарық көзі.

Жарық. Жарық көзі.

Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны ерекше. Жарық табиғатты танудағы маңызды құрал болып...
Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру

Тақырыбы: «Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.» Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы, Қазақстанның...
Күн - жарық пен жылудың көзі

Күн - жарық пен жылудың көзі

Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...
Глобус жердің дәл үлгісі

Глобус жердің дәл үлгісі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Тақырыбы: Жер – шар тәрізді дене. Глобус...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×