Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ және жалғау.
Сабақтың мақсаты: Түбір сөзге қосымшалардың жалғану заңдылықтарын қайталау.
Білімділігі: Түбір сөзге жұрнақ, одан соң жалғау жалғануын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушының ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиешілігі: Жаңа технологияға сүйеніп, оқушылардың жаңа және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.
Сабақтың көрнекілігі: «Білім еліне саяхат» сызбасы, тест, карточка, деңгейлік тапсырмалар, мақал.
Сабақтың типі: Өткенді қайталау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, оқыту, сөздерді талдау.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақ тілі бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін.
Білімімізді арттырып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін, бүгінгі сабақта «Білім еліне саяхат» жасаймыз.
2. Өткенді қайталау.
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. «Мектеп аялдамасынан» бастау. Үлестірмелі карточка арқылы өтілген ережені пысықтау.
Ә: 1. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
Л: 2. Қосымша дегеніміз не?
І: 3. Қосымша нешеге бөлінеді?
П: 4. Жұрнақ дегеніміз не?
П: 5. Жалғау дегеніміз не?
Е: 6. Сөз дегеніміз не?
• Қандай сөз құрастырдық? (Әліппе)
• Ең алғаш әліппені жазған кім?
• Ы. Алтынсарин
• Ы. Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз.
3. «Білгірлер» аялдамасы.
Мұғалім: Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп теріп алмасаң
Әп – сәтте өсе қоя ма?
Білім де сондай, қарағым
Біртіндеп сіңір бойыңа – дей отырып тест тапсырмасын орындату. (Тақтада жазылған тапсырма бойынша).
Қай сөздерде жұрнақ, жалғау жалғанғанын сызу арқылы тап.
А) Малшы түбір сөз
Ә) Білгішке жұрнақ
Б) Жаңалықтар жалғау
А) Ұшқыштар
Ә) Оқулық
Б) Етікшіде
4. Жаңа сабақ.
«Тапқырлар» аялдамасынан деңгейлік тапсырма орындату. Ережені пысықтау (түбір сөзге алдымен жұрнақ, одан соң жалғау жалғануын).
5. «Шешендер» аялдамасы.
Оқулықпен жұмыс: шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы.
Кітапты жастан оқы,
Оқымай білім жұқпас.
Білімсізден өнер шықпас – дей отырып.
355 – жаттығуды, мақалды жатқа жазу. Жалғауларын табу.
• Еңбегінен ел таныр.
• Шеңбердің қолы артық,
Шешеннің сөзі артық.
6. Сергіту сәті:
Жазған аңыз, ертегіңді,
Ынта қоя оқимыз.
(Кітап оқығандай қимыл көрсетеді)
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз.
(Екі қолымен қанат жасап ұшу)
Қырғауылдай тапқыр боп, бапқыр боп,
Орнымызға қонамыз.
(Бәрі орындарына отырады).
7. Тақтамен жұмыс.
«Ойлан тап!» аялдамасы. Жұмбақ шешу. 360 – жаттығу. Сөздерден жалғау, жұрнақты ажыраттыру.
8. «Мергендер» аялдамасы.
А) Өлеңді мәнерлі оқыту.
Ә) Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдату.
Б) Құрылысшы сөзіне «Бес жолды өлең» құрастыру.
Кім? Құрылысшы.
Не істеді? Үй салады.
Қандай? Зәулім, үлкен.
Қанша? он бес, алты.
Сөйлем: Құрылысшылар зәулім үй салады.
9. Қорыту.
Бүгінгі «Білім еліне саяхаттар». Қандай тақырыптарды қайталадық.
10. Бағалау.
11. Үйге: 361 – жаттығу. Ереже қайталау.
12. Сабақты «Мектебім» өлеңімен аяқтау.
Жұрнақ және жалғау
- Жумабай
- 21 ақпан 2015
- 6659
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұрнақ және жалғау
Ұқсас жаңалықтар:
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете түсу. Сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге...Қысқа мерзімді жоспарлар
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру, сөз құрамына талдауды үйрену, топпен жұмыс істеуге дағдылану....Түбір мен қосымшаның жазылуы
Атырау облысы, Атырау қаласы, №27 И. Тайманов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жексенғалиева Фаризат Марданқызы..."Жұрнақ пен жалғау" ашық сабақ
Ақтөбе облысы. Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ағарыс Кәдірқызы...Сөз және оның құрамы
Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.