Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. «Малсақ бала»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқу. Ө. Тұрманжанов туралы өмірі мен шығармаларына тоқталу.
Білімділігі: Сауатты оқып, «Малсақ бала»өлеңінің мазмұныны мен идеясына тоқталу.
Дамытушылығы: Балаларға сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын дұрыс айтуға, дәлелдеп сөйлей білуге дағдыландыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Қазақтың ұлттық кәсібі төрт түліктің күтімі, олардың атауларын білуге үйрету. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, төрт түлік малды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап алу, Ө. Тұрманжанов суреті, қой суреті, нақыл сөздер, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ғ. Мүсіреповтің «Көлде» атты шығармасының мазмұнын айту.
Үй тапсырмасын қорыту. – Ғ. Мүсірепов қай жылы, қай ауылда дүниеге келді?
- Ғ. Мүсіреповтың қандай шығармалары бар?
- Аққу қандай құс?
- Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешкізу.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қой)
2. Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу.
Авторды, тақырыпты жазу.
1905 - 1978 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Жалғызағаш ауылы
Жазушы Ө. Тұрманжанов
Еңбек Қызыл Ту ордені « Пулемет», «Сұңқар түлектер»
«Жауқазын», «Құралай», «Ұршық»
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
б) Өлеңді рөлге бөліп оқыту.
Ү. Сөздік жұмыс жүргізу.
Жайғау - жем беру, түгендеу.
Көгенде -
Күйістесін -
ҮІ. Сұрақ - жауап:
- Атасы немересіне не тапсырды?
- Өлеңде иттің пайдасы туралы не айтылған?
- Жеті қазынаны атап беріңдер?
- Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер атқарасың?
- «Малсақ» сөзін тағы қалай түсінесің?
- Баланың атасына берген жауабына қарап мінездеме беріңдер?
Сергіту сәті.
ҮІІ. Ой қозғау стратегиясы. Қой туралы білетіндерін айту.
Аша тұяқты
Шөп, су, жем
Қой
Момын, жуас
Төрт түлік
Тез көбейеді
Қой туралы топтастыру.
Басын сыйлы қонақтарға тартады, Терісінен тон тігеді, Жүнінен киіз үй жабдықтарын жасалады.
Қойдың пайдасы
Терісінен ұлттық ыдыс мес жасайды. Ләңгі жасалады.
Майын шыжғырып, салқын тигенде емге пайдаланамыз.
Сүтінен ірімшік, қатық, сүзбе жасалады.
Мұғалім:- Балалар, сендер Абай атамыздың мына мақалы « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»деген сөзін қалай түсінесіңдер?
- Ерінбей, төзімділікпен, жауапкершілікпен еңбек етсең жемісін жейсің деген мағынаны білдіреді.
- Төрт түліктің бізге пайдасы өте көп. Сондықтанда амандасқанда, сұрасқанда ең әуелі малды, сосын жанды сұрайды. « Мал - жан аман ба?»дегендей, осы төрт түліктің ішіндегі ең жуас, момыны - қой.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі - мал бағу. Мал бағу өте қиын, себебі: қыста суықпен арпалысса, жазда ыстығымен малды бағады. Сендердің аналарың осы төлдерге теңеп еркелетеді, Мысалы: «Ботам», «Құлыным», «Қозым»т. б
- Абай ата Мұхтарды « Қоңыр қозым» деп еркелеткен екен.
ҮІІІ. «Мың бір мақал» ойыны. Қой туралы мақалдар айтқызу.
1. Қойдың сүтті қорғасын.
Қойды соққан оңбасын,
2. Қой өрісі – қорада
3. Малды бақсаң, қойды бақ
4. Семіздікті қой көтереді.
5. Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығар.
Х. Тыйым сөздерге тоқталу.
- Малды теппе.
- Малды бастан ұрма.
- Малға теріс мінбе.
ХІ. Қазақылық болжамдарға тоқталу.
Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген. Мысалы: өрісте жүрген қойдың жүнін арқасынан уыстап ұстап қарасақ, егер қой жүні құрғақ болса, онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып, суланып тұрса, онда көп кешікпей жаңбыр жауады.
Сабақты қорыту.- Балалар сабақ ұнады ма?
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Өлеңде не туралы айтылған?
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қой атауларын жазу, сурет салып келу.
Бағалау. Мадақтау.
Ө.Тұрманжанов "Малсақ бала"
- Arailum
- 10 ақпан 2015
- 5355
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ө.Тұрманжановтың Малсақ бала өлеңі бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Қозы өлеңі
Оқушылардың сөздік қорларын молайту, өз бетімен жұмыс істеуге, сауатты оқуға машықтандыру. Көрнекілігі: Қ. Баянбай, С. Жиенбаев суреттері, төрт -...Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірі және шығармашылық жолын таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру. 2....Малдың төлін сүю
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Нартаева Казина Жаксылыковна...Төрт – түлігім ырысым
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...Төрт түлік
Жаңаозен қаласы, №12 бастауыш мектеп мұғалімі: Нуржанова Гулжан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.