Сайтқа кіру Тіркелу

Cуды қорғау

I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
II. Психологиялық көңіл - күй. « Жымию» Ойын мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенім ұялату өзара сыйластық қарым - қатынасқа тәрбиелеу, көңіл - күйлерін көтеру, жаңа сабаққа бағдарлау.
1 - слайд - Балалар, күннен не таралады? ( Жарық, жылу, шуақ, нұр) Олай, болса осы әдемі күн сияқты бір - бірімізге әдемі жымиып, күлкімізді сыйлайық.
III. Үй тапсырмасы. Судың қасиеттері Судың қандай қасиеттерін білесіңдер? (Тәжірибе жасау арқылы судың қасиетін анықтайық ) 1 - тәжірибе. Судың пішіні қандай? Стақан шұғыл ыдыс, табақша дайында. Осы ыдыстарға су құй. Сен әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көресің. Судың нақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады. 2 - тәжірибе. Судың түсі қандай? Қызыл, сары, жасыл, көк қарындаштарды дайында. Осы қарындаштар мен судың түсін салыстыр. Суды қызыл, сары, жасыл, көк деп айтуға болмайтындығын байқадық. Демек, судың түсі болмайды. Су – түссіз. 3 - тәжірибе Судың мөлдірлігі қандай? Стақандағы суға кез келген затты сал. Судың ішінен ол айқын көрінеді. Өйткені, су - мөлдір. Бірақ табиғатта су үнемі мөлдір болып кездесе бермейді. Себебі, ол әр түрлі қалдықтардың салдарынан ластанады. 4 - тәжірибе. Судың дәмі қандай? Қант, тұз, лимонның дәмі қандай? Қ. ант тәтті, тұз ащы, лимон қышқыл. Енді судың дәмін байқа. Оны тәтті, ащы, қышқыл деп айтуға болмайды. Таза судың дәмі болмайды.
5 - тәжірибе. Судың иісі қандай? Анаң тамақ дайындап жатқан кезде сен астың иісін сезесің? Гүлдер мен иіссудан да жағымды иіс шығады. Ал судың иісі бар ма? Иіскеп көр. Суда иіс жоқ. Су - иіссіз. 6 - тәжірибе. Су сұйық күйде қандай қасиетке ие? Біреуіне су құйылған, екіншісі бос екі стақан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құй. Бірінші стақаннан екінші стақанға су құйылады. Яғни, су ағады
Сонымен, судың қасиеттерін атайық. 2 - слайд. Топтастыру
түссіз мөлдір дәмі болмайды
иісі жоқ судың қасиеті ағады
пішіні болмайды жабысады
3 - слайд
IV. Ой қозғау. 1 - топ. Су туралы не білеміз?. Су деген не? Су – сұйық зат. Ол бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхиттарда болады. Аспаннан жауын түрінде түседі. 2 - топ. Тәжірибе дегеніміз не? Тәжірибе - дегеніміз шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу. 3 - топ. Табиғатта су неше күйде болады? Табиғатта су 3 күйде болады. Сұйық, қатты /мұз /, газ /бу/ күйінде болады.
Топпен жұмыс I топ. Су деген не? II топ. Сурет салу. Жұмбақтар айту III топ. Мақал - мәтелдер айту
4 - слайд V. Сергіту сәті
VI. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. «Дыбысты таны» ойыны. ( Телефонды қосу)
1. Жаңбырдың дыбысы 2. Ағып жатқан судың дыбыс * Олай, болса бүгінгі сабақтың тақырыбын мен мақсатын хабарлау. Демек, балалар, біз бүгін «Суды қорғау» деген тақырыппен танысатын боламыз. Сонымен қатар судың тіршілік үшін маңызын қарастырамыз.
5 - слайд. Суретпен жұмыс. Кітаптағы сурет. Судың табиғатта және адам өмірінде қандай пайдасы бар? Су адам өміріне, жануарларға, өсімдіктерге қажет. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Тіршілікке 5 жағдайдың бірі су екенін біздер білеміз?
6 - слайд. «Сулы жер - нулы жер» дейді. Ну дегеніміз - қалың тоғай. Біз бұл мақалдың маңызын түсінеміз. Су бар жерде тіршілік бар деген сөз. Өзен, көл, бұлақ жағаларында, суы мол жерлерде орман - тоғайлар, бұталар, шалғын шөптер жайқалып өседі, жануар тіршілік етеді, әсіресе құстар көп болады. Судың ішінде, бетінде, жағалауында қаншама өсімдіктер, жануарлар тіршілік етеді.
7 - слайд. Су – тазалық пен денсаулықтың көзі Сусыз адам да өмір сүре алмайды. Суды ішеміз, онымен ас әзірлейміз, өсімдіктерді бау - бақшаны суарамыз. Суға шомылып салқындаймыз Онымен жуып кір - ласты тазартамыз.
8 - слайд. Су – қатынас жолы Үлкен мұхиттар мен теңіздерде кеме жүзеді. Олар жолаушыларды тасиды, алыс жерлерге жүк жеткізеді. Сонымен, жер бетінде суды пайдаланбайтын бірде – бір тіршілік иесі жоқ екен. Ауа тіршілікке қандай қажет болса, су да сондай керек.
VII. Оқулықпен жұмыс. Ой шақыру - Сендер қалай ойлайсыңдар, жер бетіндегі ауыз су жеткілікті ме? *( оқушылардың жауаптарын тыңдау)
*(Мәтінді оқушыларға оқыту)
* Біздің халқымыздың санының өсуіне орай жұмсалатын судың мөлшері үнемі артып отырады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2 - 3 литр су жұмсайды. Егер жуынуға, кір жууға және басқа шаруашылық қажеттеріне кететін суды есептесек, оның мөлшері 10 литрден асып кетеді.
тамақ ішуге беті, қол жуу
кіру жуу, суару

Осы пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол - ластанған су. Суға құйылған ластаушы заттар көп.
Өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол, автомобиль көліктерінің т. б. шайындылары.
Осы шайынды су арқылы судағы жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады, ауру тудырады.
Адамдар ірі – ірі құрылыстар салудың нәтижесінде, өзендерге бөгет жасайды. Суды шамадан тыс пайдаланғандықтан көлдерге құятын өзен сулары азаяды. Оны тартылып қалған Арал теңізінің тағдырынан көруге болады. Сондықтан суды үнемі дұрыс әрі таза пайдаланған абзал.
Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс.
Ой қозғау. Суды қорғау үшін не істеуіміз керек!
Суды үнемдеу керек
Суды көп мөлшерде төгуге болмайды.
Адамдар су қоймаларының таза ұсталуын қадағалау керек.
Зауыт, фабрикалардан шыққан қалдық суларды өзен, көлге ағызуға болмайды. VIII. Дәптермен жұмыс Судың пайдасы Судың зияны
IХ. Қызықты мәліметтер Қандай минералды суларды білесіңдер? (Минералды суларды сызбамен орналастыру) « Сарыағаш», «Тассай», «Әсем - ай»т. б.
Х. Тақтамен жұмыс

ХI. Сабақты қорыту * Су ластаушы заттар: Тағам қалдықтары, фабрикалар, мұнай өнеркәсібі, көліктер, теміржол, шахта т. б.
* Суды қорғау үшін не істейміз?
*Су туралы тыйым сөздер: 1. Отқа су құйма 2. Түнде суға түспе 3. Түнде суға ХII. Төртжолды өлең. Не? Су Қайтеді? Ағады, жұғады Қандай? мөлдір түссіз Мақал - мәтел Судың да сұрауы бар.
Су жүргізер тіршіліктің маңызын, Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым. Су ананың біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×