Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов Қыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа тарау тақырыбымен таныстыру.
Міржақып Дулатов өмірі мен еңбектерін таныстыра отырып, мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.
1. Мәтіннің негізгі идеясын, мазмұнын дұрыс түсіне білуге және мәтін арқылы ойлау белсенділіктерін дамыту
2. Жыл мезгілдерін ажырата білуге, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, адамдардың қыстағы еңбегі туралы әңгімелеу. Таным белсенділігін арттыру.
3. Табиғатты аялауға, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық.
Әдіс - тәсіл: СТО технологиясы Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын.
I. Ұйымдастыру.
I. Оқушыларды ұйымдастыру
- Оқушылар бүгін нешінші күн?
- Екінші күн
- Бізге қандай сабақ?
- Әдебиеттік оқу сабағы
- Бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Әуелі ұяшықтарды таңдау арқылы «Неткен сұлу, неткен көркем. Осы менің туған өлкем» бөліміндегі өтілген тарауды пысықтау. Ұяшықтағы сұраққа нақты және дұрыс жауап беру.
1. Ұяшық - «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
А) М. Мақатаевтың Б) Ж. Смақовтың
Ә) Ж. Аймауытовтың В) С. Жүнісовтың
2. Ұяшық - Ж. Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан -....
А) Ұлы Отан Б) Сол Отан
Ә) Жан Отан В) Бұл Отан
3. Ұяшық - Бөлімдегі М. Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады?
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке.....
А) Ұнатамын Б) Сүйіп өтем
Ә) Мақтан етемін В) Жырлап өтем
4. Ұяшық - Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
А) М. Мақатаев Б) К. Ахметова
Ә) Ж. Смақов В) Ө. Тұрманжанов
5. Ұяшық - Ө. Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады:
Неткен сұлу, неткен көркем,
А) Көгінде күн нұрын төккен
Ә) Жерінде гүл жұпар сепкен
Б) Ел еркіндей бақыт тапқан
В) Осы менің туған өлкем
Сонымен балалар қандай тарауды аяқтады?
III. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
3. Отқа жанбас, суға батпас.
Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.
Мұ - ұз Қа - ар
Ұ - А жуан дауысты дыбыстар
Көз алдарыңызға қай мезгіл елестейді?
Бұлар қай мезгілде болады? Қыс мезгілінде.
Қыста талай қызық бар тарауы бойынша біз бүгінгі сабағымызда М. Дулатовтың Қыс мәтінімен танысамыз
Міржақып Дулатов Қазақтың бес арысының бірі. Бес арысымыз жайлы жоғары сыныпқа барғанда толық мәлімет аласыңдар (суреттерін көрсету) М. Дулатовтың суретін көрсетіп өмірбаянымен таныстыру.
IV. Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді оқып түсіндірем. Оқушыларға іштей оқытам және тізбектей оқытам
Сөздікпен жұмыс
VI. Дәптермен жұмыс:
VII. Суретпен жұмыс: (қыс мезгілі)
1. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың? Адамдар суықтан қалай қорғанады? Сен қалай киінесің? Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді? Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?
Мәтінге сүйеніп жылқышының еңбегі туралы әңгімеле.
II. Ой қозғау. Қызығушылығын дамыту.
Электрондық оқулықпен жұмыс.
VIII. Ойын. Аққала құрастыру.
1. Қыс - айларын ата?
2. Қысқы ойын түрлерін ата?
3. Қыстап қалатын құстарды ата?
4. Қыста ауа - райы қандай болады?
5. Шана сөзіне дыбыстық талдау жаса
6. Үй жануарлары қыста қалай тіршілік етеді?
Қызықты қыс еліне саяхат жасау
1. Топ Қыс мезгілін бейнелеу
2. Топ Қыс қызығы эссе жазу
3. Топ Қысқы ойын түрлерін жазу
IX. Қорытындылау:
1. Бүгін қандай мәтінмен таныстық? М. Дулатов кім? Қай өңірде туған? Қай жылы туылып, қай жылы дүние салған? Қандай кітабын жазған? Мәтінде қай жыл мезгілі бейнеленген? Малшылар қыста малдарын қалай күтеді? Малшылар неден қорқады? Суық үскірік аяз кімдердің есінен көпке шейін кетпейді?
X. Бағалау. Өз - өздерін, жұппен бағалау
XI. Үйге тапсырма:
М. Дулатов "Қыс"
- ramuk_b
- 27 қаңтар 2015
- 4718
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Міржақып Дулатов, қыс өлеңі, Міржақып Дулатов қазақтың бес арысының бірі
Ұқсас жаңалықтар:
Қыста талай қызық бар. М. Дулатов «Қыс»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұндарын айтқызып үйрету 2. Оқушылардың тілін, сөздік қорларын дамыту...Міржақып Дулатов "Қыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа тарау тақырыбымен таныстыру. Міржақып Дулатов өмірі мен еңбектерін таныстыра отырып, мәтінді мәнерлеп оқуға...Қыс. Міржақып Дулатов
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатовтың «Қыс»...Міржақып Дулатов "Қыс"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Санкибаева Мадина...Қыс. М.Дулатов
Астана қаласы №69 мектеп – гимназия бастауыш сынып мұғалімі Бикишова Айтжамал Макетовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.