Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан олимпиада есептері

Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан олимпиада есептері
1. Дүкенге 600 торкөз дәптер, 400 жолды дәптер әкелінді. Дәптердің бестен бір бөлігі сатылды. Қанша дәптер қалды?
2. Жиналған алманың алтыдан бір бөлігі 9 кг болды. Барлығы қанша алма жиналды?
3. Шешемнің әмиянында үш 200 теңгелік ақша бар. Егер ол 400 теңгелік 2 қорап кәмпит сатып алғысы келсе, оған қанша теңге жетпейді?
4. Егер Санжар бір кәмпит сатып алса, 10 теңгесі қалады. АЛ екі кәмпитке 30 теңге жетпейді. Санжардың қанша теңгесі бар?
5. Автобуста ер адамдар, әйелдер, балалар келе жатыр. Ерлер - 36, әйелдердің ерлерге қарағанда 6 - уы кем, ал балалар әйелдерге қарағанда 5 есе кем. Автобуста неше бала келе жатыр?
6. Бестен бір бөлігі 2 см болатын кесінді сыз.
7. Қорапта 4 қызыл және 4 моншақ жатыр. Егер, қарамастан 5 моншақ алынса, ішінде тым болмаса бір қызыл ілінуі мүмкін бе?
8. Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын және жақшаларды қой.
1 2 3 4 5 6=1
9. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?
10. Өрнекті ықшамдаңдар.
(161х – 92х): 23+17x
11. Теңдеуді шеш:
27: x+405: 9=48
12. Амалдарды орындаңдар:
6124 - 2904: 121+209
13. Арасы 105 км екі қаладан бір мезгілде екі велосипедші» бір - біріне қарама – қарсы бағытта шықты. Оларды бірі 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болды?
14. Тік бұрышты параллелипедтің өлшемдері 1м, 60см, 40см. Тік бұрышты параллелипедтің көлемін табыңдар.
15. Бөшкедегі бензинді 6 машинаның бензин құятын багіне тең бөліп құйды. Сонан соң әрбір машинаның бензин багына тағы да 8л бензин құйғанда, машиналардың бензин бағытарында 40л бензин болды. Бөшкеде алғашында неше литр бензин болды?

1. Дүкенге 600 торкөз дәптер, 400 жолды дәптер әкелінді. Дәптердің бестен бір бөлігі сатылды. Қанша дәптер қалды?
Шешуі: (600+400): 5=1000: 5=200 Жауабы: 200 дәптер
2. Жиналған алманың алтыдан бір бөлігі 9 кг болды. Барлығы қанша алма жиналды?
9•6=54 Жауабы: 54кг
3. Шешемнің әмиянында үш 200 теңгелік ақша бар. Егер ол 400 теңгелік 2 қорап кәмпит сатып алғысы келсе, оған қанша теңге жетпейді?
2•400 - 3•200=800 - 600=200 Жауабы: 200тг
4. Егер Санжар бір кәмпит сатып алса, 10 теңгесі қалады. Ал екі кәмпитке 30 теңге жетпейді. Санжардың қанша теңгесі бар?
50 - 40=10 40•2 - 50=30
5. Автобуста ер адамдар, әйелдер, балалар келе жатыр. Ерлер - 36, әйелдердің ерлерге қарағанда 6 - уы кем, ал балалар әйелдерге қарағанда 5 есе кем. Автобуста неше бала келе жатыр?
(36 - 6): 5=30: 5=6 Жауабы: 6 бала
6. Бестен бір бөлігі 2 см болатын кесінді сыз.
5•2=10 Жауабы: 10см
7. Қорапта 4 қызыл және 4 моншақ жатыр. Егер, қарамастан 5 моншақ алынса, ішінде тым болмаса бір қызыл ілінуі мүмкін бе?
Мүмкін. Себебі қызыл моншақ төртеу.
8. Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын және жақшаларды қой.
1•( 2• 3 )- 4 +5 - 6=1
9. Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?
Жауабы: төрт
10. Өрнекті ықшамдаңдар.
(161х – 92х): 23+17x=69x: 23+17x=3x+17=20x
11. Теңдеуді шеш:
27: x+405: 9=48
27: х+45=48
27: x=48 - 45
x=27: 3
x=9

12. Амалдарды орындаңдар:
6124 - 2904: 121+209=6124 - 24+209=6100+209=6309
13. Арасы 105 км екі қаладан бір мезгілде екі велосипедші» бір - біріне қарама – қарсы бағытта шықты. Оларды бірі 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болды?
105 -(15+12)•3=105 - 27•3=105 - 81=24 Жауабы 24 км.
14. Тік бұрышты параллелипедтің өлшемдері 1м, 60см, 40см. Тік бұрышты параллелипедтің көлемін табыңдар.
V=100•60•40=240000 см Жауабы 2400м
15. Бөшкедегі бензинді 6 машинаның бензин құятын багіне тең бөліп құйды. Сонан соң әрбір машинаның бензин багына тағы да 8л бензин құйғанда, машиналардың бензин бағыттарында 40л бензин болды. Бөшкеде алғашында неше литр бензин болды?
x: 6+8=40
x: 6=32
x=32•6
x=192 жауабы 192 литр
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×