Сайтқа кіру Тіркелу

Пайдалы қазбалар

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой - өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Қолданылатын жаңа технология: СТО жобасы
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест
Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, флипчарт, ТСО, карточкалар,
ҚР картасы
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар: компьютер, проектор, интерактивті тақта, маркерлер
Сабақтың құрылымы:
• Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
• Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.
• Ой қозғау.
• Топқа бөлу.
• Мағынаны тану.
• Сергіту сәті. Сен білесің бе?
• Ой түйіндеу. Картамен жұмыс.
• Ой толғаныс.
• Сабақты қорыту.
• Үйге тапсырма.
• Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1, 2 флипчарт
Психологиялық дайындық.
Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тарауды қайталау. Тест. 3, 4, 5 флипчарт
1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
Б) 4

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
3. Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А) газ
Ә) құм
Б) металл
4. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А) Өскемен, Семей
Ә) Қарағанды, Екібастұз
Б) Маңғыстау, Атырау
5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А) тас көмір, мұнай
Ә) қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
6. Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә) Орталық Қазақстанда
Б) Солтүстік Қазақстанда
7. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тұз, фосфорит, әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл
8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А) Кентау
Ә) Соколов - Сарыбай
Б) Өскемен
9. Кен орны деп нені айтады?
А) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр
Ә) бензин, газ, жанармай
Б) жанғыш газ, әктас
Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.
1. Ә 6. Ә 1 қате – “5”
2. А 7. А 2 қате – “4”
3. Б 8. Ә 3 қате – “3”
4. Ә 9. А 4 қате – “2”
5. Б 10. Ә
ІІІ. Ой қозғау. Жұмбақ жасыру. 6 флипчарт
Қызуын аямайды,
Көлікке азық жасайды. /Мұнай/
Қара түсті, отын,
Жанады жарқын. /Көмір/
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. /Газ/

- Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?/Пайдалы қазбалар/
- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Ол үшін алдымен топқа бөлінеміз!
Үстелде жатқан пайдалы қазбалардың шарттарын/ темір, табиғи газ, мәрмәр / бір - бірден алып үш топ құрады:
І топ: Кенді пайдалы қазбалар. 7, 8 флипчарт
ІІ топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
ІҮ. Мағынаны тану: 9 флипчарт
1. Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбалар туралы жазады. Флипчартта орындау.
түсі
түрі сипаты
өндірісі
қолданысы
шығатын

2. Кестені толтыру: 10 флипчарт
Пайдалы қазбаның аты Түсі Қасиеті Қайда қолданылады
Асбест Әр түрлі. Ақ, қоңыр. Отқа жанбайды. Берік. Жіп сияқты иілгіш, үзілмейді. Электр тогын өткізбейді.
Шатыр, жеңіл, әрі берік су құбырғыларын жасайды. Өрт сөндірушілердің киімдерін тігетін мата тоқуға
Мәрмәр Әр түрлі, ақ, қызғылт. Оңай өңделеді. Қатты, берік. Үйлерді әшекейлеуге, ғимараттарды әдемілеуге.
Тас көмір қара Қатты, жылуды жақсы береді. Үйлерді жылытуға, металл қорытуға
Мұнай Қоңыр, қара көк, сарғылт сары, ақ Күл қалдырмай жанады. Сұйықтық зат. Бензин, жермай, газ алынады. Көліктерге қолданылады.
Қорғасын сұрғылт Өте аур, тапталғыш, радиация және рентген сәулелерін өткізбейді. Үй жиһаздарына, мүсіндер жасауға, аккумулятор өндіруге
Мырыш Көкшіл сұр Ауаның, ылғалдың әсеріне төзімді, тот баспайды Тұрмыста жиі қолданылатын заттар жасауға
Ү. Сергіту сәті: «Сен білесің бе?» 11, 12 флипчарт
Флипчартта Тәуелсіздік стелласын құрастырып, оның қандай пайдалы қазбалардың жасалғанын білу.
Ол туралы қысқаша мәлімет беріп, Тәуелсіздіктің 20 - жылдығымен байланыстыру: Тәуелсіздік стелласы 2006 жылы орнатылған. Стелла төрт жағынан тұлпарлармен және төбесінде күн астындағы қыранмен декарацияланған. Қазақ халқында тұлпар – дала дүлдiлi, ер - азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.
Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату - тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп - өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет - бейнесiн паш етедi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық, көрегендіктің бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
ҮІ. Ой түйіндеу: Картамен жұмыс. 13, 14, 15 флипчарт
Әр топ өзінің атына сәйкес пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіреді. Флипчартта орындау.
ҮІІ. Ой толғаныс: «Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам,……..»
ҮІІІ. Сабақты қорыту: 17 флипчарт
- Сабақта не өттік?
- Сабақ ұнады ма? Несімен?
ІХ. Үйге тапсырма: 18 флипчарт
Күнделікті ашайық.
Тапсырманы тізіп жазайық.
Тараудан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.
-«Пайдалы қазбаға» 5 жолды өлең құрастыру.
Х. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тау жыныстары деген не?

Тау жыныстары деген не?

Оқушылардың пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; Оқушылардың тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін артыру;...
Топырақ. Топырақты қорғау

Топырақ. Топырақты қорғау

Топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Айсұлу...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектеп І cанаты бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы...
Пайдалы қазбалардың түрлері

Пайдалы қазбалардың түрлері

Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×