Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның сезім мүшелері

Дүниетану 1 сынып
Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ - сезім мүшелері құрылысымен танысады.
2. Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады. Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі мен құрылысын түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Керекті құрал - жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, доп, АКТ, интербелсенді тақта
Мұғалім әрекеті
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
• Ал, балалар, күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза, мөлдір көңіл - күймен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Оқушылар әрекеті

Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем шаттанам!

Жұмбақтар жаттау.
1) Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз)
2) Екі шырақтың арасында бір өзім. (Мұрын)
3) Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)
4) Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл)
5) Бунақты көсеу, тармағы бесеу.
(Қол мен саусақ)

• Ал, енді, бүгінгі сабаққа үй тапсырмасы қандай?
• Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы – сезім мүшелерін қайталау. Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді? Алдарыңа
• Яғни, бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың құрылысын, қызметін білесіңдер.
• Балалар, маған қай топта жұмбақтың қай шешуі аталғанын айтыңдаршы.
• Ендеше әр топтың атауы осы жұмбақтардың шешуіне байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ», ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл», Ү топ – «тері».
• Енді топ болып топ басшыларыңды сайлап алыңдар.

• Барлығымыз интербелсенді тақтаға қараймыз.
(1 - сыныпқа арналған электронды оқу құралы қосылады. Авторлары: Жүнісқызы Күлжан, Жапанбаева Назгүл, Маркина Марина)
• Сонымен, адамның қандай сезім мүшелері бар?
Олар нені сезеді?
- Мұрын – иіс сезу және дем алу мүшесі. Ол иісті сезеді, адам мұрынмен дем алады..
- Құлақ – дыбыстарды естиді. Ол – есту мүшесі.
- Көз – көру мүшесі. Көз арқылы заттың түсін, пішінін көреміз.
- Тіл – дәм сезу, сөйлеу мүшесі. Тілмен біз ащыны немесе тұщыны сеземіз. Онымен сөйлейміз.
- Терімен ыстық пен суықты, қатты мен жұмсақты сеземіз. Тері – сипап сезу мүшесі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)

Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі...
Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу

Дәм сезу мүшесінің құрылысы - Дәм сезу рецепторлары - Дәм бүртіктері - Жүйке талшықтары...
Сорғыш құрттар

Сорғыш құрттар

Сабақ негізделген оқу мақсаты Сорғыш құрттар туралы білу. Сорғыш құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерімен танысу....
Сезім мүшелері. Көз. Тері

Сезім мүшелері. Көз. Тері

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті, "Бақыршық орта мектебі" КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Сандугаш Сабиевна...
Сезім мүшелеріне қорытынды

Сезім мүшелеріне қорытынды

Мақсаты: 1) Сезім мүшелерінің түрлері, олардың құрылысы, атқаратын қызметі, ағзадағы маңызына тоқтала отырып, таным білімділігін арттыру. 2) Сезім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×