Сайтқа кіру Тіркелу

Отан оттан да ыстық

Тәрбие сабағының тақырыбы: Отан оттан да ыстық.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Отан - Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Отан - өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру.
Дамытушылығы:
Туған елі, Отаны туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін молайту.
Тәрбиелігі:
Оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой түйіндеу, сипаттау, ой - толғаныс, мәнерлеп оқыту, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, мақал - мәтелдер, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақ.
«Отан» М. Хакімжанова өлеңін оқу.
1. Тіл дамыту жұмысы:
Отан қуат, нәр береді.
Отан мәңгі гүлденеді.
2. Топпен жұмыс: Қазақстан Республикасының рәміздері.
1 - топ. Қазақстан Республикасының Әнұраны.
2 - Топ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын сипаттау.
3 - Топ. Қазақстан Республикасының Елтаңбасын сипаттау.
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне қалай ие болды?
- 1986 жылы желтоқсан айының 17 - сі күні болған бейбіт шеруі жайлы әңгімелеу. Тәуелсіздік жолында Қ. Рысқұлбеков, Е. Спатаев, С. Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды.(суреттерін көрсету)
3. Мақал - мәтелдер айту.
1. Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
2. Отан оттан да ыстық.
3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4. Сөз жұмбақ шешу.
1. Қойда бар, лақта жоқ
Ойда бар, бақта жоқ.(О)
2. Мемлекеттік рәміздің бірі.(ту)
3. Ең жақын адам.(ана)
4. Қасиетті тағам.(нан)

Сабақты қорытындылау:
Бес жолды өлең құрастыру. 1. Не?- Отан
2. Қандай?- ыстық, үлкен, кең.
3. Не үшін?- Отан үшін отқа түсеміз, күймейміз.
4. Қайда?- барлық жақсылық балалар үшін Отанымызда жасалады.
5. Не істейміз?- Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз.
Ой түйіндеу.
- Отан деген не? (Отан туралы пікірлерін ортаға салу)
- Ауызша суреттеу (Отанның жерін, байлығын, халықтарының достығы.

Оқушыларды мадақтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан – менің Отаным

Қазақстан – менің Отаным

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін,...
Отанымды сүйемін

Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту; Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін,...
М.Мақатаев       Отан туралы

М.Мақатаев Отан туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Каратаева Майя Исимкуловна...
Атамекен-Қазақстан.

Атамекен-Қазақстан.

Петрпавл қаласы, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп - кешені Мұхамеджанова Гүлнұр Абайқызы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешені 4 сынып Сабақтың...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×