Сайтқа кіру Тіркелу

Одағай (Қазақ тілі)

Сабақтың тақырыбы: Одағай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету;
Дамытушылық: Тапсырмалар беру арқылы шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: десант сабақ
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы, рөлдік ойын, сәйкестендіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралақ байланыс: әдебиеттік оқу
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, ватман, маркер.
Көрнекіліктер: қима қағаздар, гүл шоқтары.
Сабақты жүргізудің формалары: жеке, топтық, ұжымдық.
сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Топқа бөлу 1. «Оқу» орталығы
2. «Жазу» орталығы
3. «Өнер»орталығы
4. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.
Барлығыңызға сәттілік тілеймін!
ІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын табу үшін сөзжұмбақ шешіп көрейік.

Ереже: Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей тек адамның әртүрлі көңіл - күйін, сезімін білдіретін немесе жан - жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағайда негізгі мағына болмайды. Сөйлемде одағайлар оқшау айтылады. Басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді, сұраққа жауап бермейді. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді.
1. Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу.
- Балалар, тақтада сөйлемдер берілген. Осы сөйлемдердің ішінен одағайларды теріп, көркем жазуға жазайық.
Терме диктант
Ой, арам қат, арам қатқыр! Танау құрт келгір! Осы сиыр - ақ, шашымды ағартты - ау, ойбай! (С. Мұқанов)
- Оһо, қарашы, ата!
- Бәрекелді! Міне, нағыз жігіт!
2. Оқулықпен жұмыс
8 - жаттығу. Топтық жұмыс. Үш топқа үш сөйлемді беріп, одағайы бар сөйлемге айналдырып жазу.
1. Астанадан көкем келе жатыр.
2. Кер бестінің шабысын - ай.
3. Қарағым - ай, білмейді екенсің ғой.
Топтарды бағалау.
9 - жаттығу Топтық тапсырма
Берілген одағайларды қатыстырып, үш сөйлем құрап жазу.
Ой, тәйт, апыр - ай.
ІІ. Сергіту жаттығуы
7 - жаттығу Сахналық көрініс. Қатысушылар: дәрігер, анасы, баласы.
Үш топтан үш оқушыға сахналату. Одағай сөздерді табу.
10 - жаттығу
І топ Жаңылтпашты оқып, жатқа айтады.
ІІ топ Одағайды табады.
ІІІ топ Шылау мен сын есімді салыстырады.
ІІІ. Бекіту.
1. 11 - жаттығу
Гүл күлтешелеріне сөз таптарын жазу.
2. Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша ребус құрастыру.
IY. Қорытынды
Сәйкестендіру тесті
1. Үшін, туралы, қой, ғана-------қыстырма сөз
2. Ахау, бәсе, құрау – құрау-----шылау
3. Меніңше, әйтеуір, бәлкім----үстеу
4. Төмен, кешке, әрең------------одағай
Рефлексия
1. бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Қандай қиындық кездесті?
Y. Үйге тапсырма: Одағайларды қолдана отырып, «Көктем» тақырыбына эссе жазу.
Оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×