Пәні: Ана тілі 3 сынып
Тақырыбы: Көкшенің көрінісі. С. Мұқанов
Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.
(асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).
«Көпір» (жеке жұмыс) тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1. Ең жүйрік қандай жануар?
Ж: Ең жүйрік жануар киік.
2. Киік қай жерде мекендейді?
Ж: Киік таулы, далалы жерлерді мекендейді.
3. Елімізде табиғаты сұлу қандай жер?
Ж: Еліміздегі табиғаты сұлу жер – Көкшетау.
4. Көкшетау еліміздің қай өңірінде?
Ж: Ол еліміздің солтүстік аймағында.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1 - қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары:
(тақырып мазмұны бойынша кім? не?
қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек) Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1. Мөлдір көк гауһар тастан жасалған күмбездей Көкше.
2. Көкшенің көркі ақ ұлпа бұлтпен көмкере толқыған бұйра сағымға ұқсайды.
3. Көкшеге Сәбит Мұқанов он жыл бұрын атпен зорға жетті.
4. Көкшенің көркіне, көрінісіне қызыға жоғары өрлей бердім.
5. Көкшенің күмбез кеудесі аспанмен астасып, көркін күн нұрымен бояп тұр.
6. Құлдыраған құздың да, қиялаған шыңның да біреуін Көкшенің кереметіне бөгет көрмедім.
7. Ақын Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге теңейді.
Көшенің көрінісі. Сәбит Мұқанов
- nurbanu62
- 6 желтоқсан 2014
- 5900
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көшенің көрінісі, Сәбит Мұқанов
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...Етістік
Іс - әрекеттің жүзеге асу, аспауына байланысты болымды, болымсыз деп аталады....Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...Еріндік және езулік дауыстылар
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалса, езулік дауыстылар езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалады....Табиғат - менің өз үйім
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.