Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасына көз жеткізу.
Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадан слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Балалар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады.
- Бұл неге ұқсайды? (кішкентай шарға)
- Шарымызды үрлейік.
- Енді қандай шар болды? (Үлкен шар)
- Бұл шарымыз тағы, неге ұқсайды? (Күнге)
ІІ Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады.
Ол не? (тоқылдақ)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Жануарлардың, аңдардың, құстардың түрлерін атау.
Топтастыру
Суретке қарап жануарлар тобын жікте
Осы жануарлардың барлығы да әртүрлі ортада тіршілік етеді.
Суда, құрлықта, Топырақта, тауда
Оқулықпен жұмыс
Камбала
Аузы үлкен, бүйір сызығы түзу
Денесінің ұзындығы 5 метр
Салмағы 300 кг
Көзі денесінің бір жағында болады.
Тиін - құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.
Суретпен жұмыс
Жануарлар табиғатқа және адам өміріне көп пайда келтіреді.
Суретпен жұмыс
Бекіту
Тест тапсырмалары:
1. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
А) Балық, құс
Ә) сиыр, бұғы
2. Жыртқыш аңды тап
А) Арқар, құлан, түйе
Ә) Қасқыр, түлкі, аю
3. Тиін немен қоректенеді?
А) Бидай, арпа, сұлы
Ә) Саңырауқұлақ, жаңғақ
4. Балықтар қайда тіршілік етеді?
А) суда
Ә) орманда
5. Бауырмен жорғалаушылар қайсы?
А) жылан, кесіртке
Ә) Қоңыз, көбелек
6. Бақа жануардың қай түріне жатады?
А) қосмекенді
Ә) Бауырмен жорғалаушы
1 - ә 2 - ә 3 - ә 4 - а 5 - а 6 - а
Бағалау.
Қорытынды
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Не білдіңдер?
Үйге тапсырма: 143 бет, 145 бет.
Табиғат, Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш - жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!
Жануарлардың тіршілік ортасы
- Arailum
- 5 желтоқсан 2014
- 5738
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дүние тану бастауыш сыныпқа
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы
ШҚО, Семей қаласы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Каримова Толкын Тлеубековна...Жабайы жануарлардың тіршілігі
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...«Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»
Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Тақырып: «Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.