Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты математика

Математика
Тақырыбы: Қызықты математика
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, алған білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: мұндағы өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тез есептеуге, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру
Түрі: Танымдық ойын сайыс сабағы.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 «б» сыныбында өтетін «қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!. сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс аталған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста көп жинаған топ «жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «алғыс хатпен марапатталады»
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. – деп бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

1. «Алғырлар» тобы. Топ басшысы:
2. «Білгірлер» тобы. Топ басшысы:
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарың өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
«алғырлар» озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізге ғалым боламыз.

«Білгірлер» мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Мұғалім: бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(әуен ойналады)
«жасыл дала құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі» осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық. Оқушылар қандай көрініс көріп тұрық? (әсем табиғаттың)
Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.
Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Бола ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы олардың тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге лақтырды, қалған қоқыстарын жинамастан балаларына: - тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз,- деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстаған, ластанған. Соны тазалау үшін өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет. Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.

Ей, балалар, балалар
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шығамын білім шыңына!

Шығамын білім шыңына!

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер,...
Жас математик танымдық сайыс сабақ

Жас математик танымдық сайыс сабақ

1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...
Түрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын ойлап табу

Түрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын ойлап табу

Көкшетау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Мұғалім: Шамиғанова Р. М....
Көңілді тапқырлар.

Көңілді тапқырлар.

Нұрмашева Шарбану Насырқызы. Х.Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі. Тақырыбы: Көңілді тапқырлар. Мақсаты: Білімділігі:...
Қызықты  математикалық ойындар

Қызықты математикалық ойындар

СҚО, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы №2 Ленинград орта мектебі Жаканова Асем Магауияновна Қызықты математикалық ойындар Сабақтың мақсаты: Білімділігі:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×