Сайтқа кіру Тіркелу

Құстардың көктемгі тіршілігі

Дүниетану. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік және барлық құстардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру. Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру. Оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, «Орманға саяхат» плакаты, құстар жайлы мақал - мәтелдер, жұмбақтар сөзжұмбақ, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, жұмбақ, мақалдар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Балалар бір - біріне жақсы тілек айтады.
2. Үй жұмысын тексеру: Үй құстардың көктемгі тіршілігі.
- Қандай үй құстарын білесіңдер?
- Не үшін адамдар үй құстарын бағады?
- үй құстардың пайдасы неде?

3. Жаңа сабақ. Әңгімелеу:
- Табиғат деген не? ( бізді қоршаған орта, тау, күн, ауа, жер, су адам, өсімдіктер, жануарлар)
Табиғаттың бір бөлігі – құстар. Бүгін сабақта құстар туралы
айтамыз.
Құстар 2 топқа бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар.
Қазір сөзжұмбақ шешіп алайық. (Тақтада)

Жұмбақтар шешу:
1. Көктемде құстар келгенде ең алдымен келетін құс қандай?
2. құстың ең ірісі, өзі ұшпайды.
3. өзі сақ, өзі ұсақ, шықылықтап тұрмайды, құйрығы ұзын, өзі ала.
4. бұл су құсы, аспанда бұрыш жасап тізбектеп ұшады.
5. көлдің көркі, сәні екен, ұшқанда сазды ән екен, ақындар оны мақтаған, адамдар қорғап сақтаған.
6. түсі қара мақпалдай, төсі ақ сыр жаққандай, ұшса оқтай зулайды, көктем жұлдыз аққандай.
- Тігінен қандай сөз шықты? ( ҚҰСТАР). Дұрыс, бүгін құстар туралы білімдерімізді кеңейтеміз.

4. – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? ( көктем)
Ал көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Оқушы: Сәуір келді, тіршілікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады, төсіне құйып ап жаңбырды.
Оқушы: Жыл құстары келді деп, балдырғандар мәз болды
Қос қанаты желпілдеп, көлге үйрек - қаз қонды.
Оқушы: Ұшып келген ең алғаш, қараторғай қырағы
Ұяларға қонақтап, дейді – «менің тұрағым»

5. Мәлімет: – Балалар, құстардың пайдасы туралы әңгімелейік. Жер бетінде құстардың 8600 - ге жуық түрі бар, ал біздің елімізде 500 - ге жуық түрі бар. Табиғатты қорғап, күтсе ғана ол көбейеді. Азайып кеткен құстарды «Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады. Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар, бізге жақыны Қорғалжын қорығы. Онда құстардың 100 шақты түрі бар. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл - күйіне әсер етеді. Ал енді құстардың дауыстарын тыңдайық. ( магнитофон арқылы). Құстар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Жапалақ әр ай сайын 150 - дей тышқан жейді екен, қараторғай 22 тонна шегірткені азық етеді.
- Халық «Көкек келді – көктем келді» дейді. Көкек туралы не дейміз?
Оқушы: Жаршысымын көктемнің
көкек дейді мені жұрт
өз атын айтар құс менмін
көктемді күтсең – мені күт.
Оқушы: Көкек өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, пайдалы құстардың біріне саналады. Ол күніне 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.
Сергіту сәті: Қане қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып - ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×